2017 жылдың қаңтарында шетел азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге 480 рұқсатнама берілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2017 жылдың қаңтарында шетел азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге 480 рұқсатнама берілді

ШЖК

2017 жылдың қаңтарында жергілікті атқарушы органдармен 210 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 480 рұқсат берілді, өз кезегінде жұмыс берушілермен 182,8 млн. теңге мөлшерінде салық алымдары төленді.

Рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет тікелей жергілікті атқарушы органдармен қоса «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезе» принципі арқылыда жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібінің енгізілуіне байланысты жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылды және жұмыс берушілерге қатысты ерекше жағдайларды орындау, ішкі еңбек нарығында іздеу жүргізу және шетелдік жұмысшыларға кепілдік жарна енгізу бойынша әкімшілік талаптар жойылды.

Осы ерекше шарттардың орнына жұмыс беруші жергілікті бюджетке төлейтін жаңа салық алымы енгізілді. Алым мөлшерлемесі шетелдік жұмыс күшінің санаты мен саласына қарай 137 АЕК-ден 250 АЕК-ге дейінгі шамада белгіленеді, бұл  290 мың мен 530 мың теңге аралығы.

Бұл ретте жұмыс берушілерге қойылатын кадрларға жергілікті қамтылым жөніндегі шарттарды сақтау талаптары өзгермейді, яғни: басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде 70 %, мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кемінде 90 %.

2 ақпан, 2017 - 10:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші