X
egov

You are here

2016 жылы бос жұмыс орындарының көпшілігі Алматы және Астана қалаларында, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді

Жұмыс порталы

Өткен жылы «Жұмыс» (www.enbek.kz) порталындағы мәліметтер бойынша Қазақстанда бос жұмыс орындарының басым көпшілігі Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының – 16%-дан, Астана қаласының – 12%, Батыс Қазақстан облысының – 10% кәсіпорындары мен ұйымдарында байқалды.  

Порталдағы бос орындардың басым бөлігі қызмет көрсету салаларына келеді – 11 мың 533 (жалпы жұмыс орындарының 20%-ы), өнеркәсіп пен өндіріс – 7 мың 599 (13%), құрылыс пен абаттандыру – 4 мың 595 (8%), білім және ғылым – 4 мың 548 (7%), медицина мен дәрі-дәрмек нарығы – 4 мың 467 (7%).  

Былтыр аталған порталға жаңадан тіркелген 12 мың 398 пайдаланушының 7 мың 543-і кәсіпорындар санатынан болып отыр. Барлығы, бір жыл ішінде, жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдарын есептегенде, 60 мыңға жуық бос жұмыс орны мен 52 мың түйіндеме орналастырылған.  

82,6% вакансияда толық жұмыс күні талап етілсе, 7,4% - вахталық жұмыс тәсілінен тұрып, 3,7% - жартылай жұмыс күні ретінде көрсетілген. Сонымен қатар, 3,3% үйдегі жұмыс ұсынылып, толық емес жұмыс аптасы мен өзге де ерекшеліктер 3%-құрауда.

Жұмыс іздеушілер жиі қызмет көрсету саласына - 31%, өнеркәсіп пен өндіріске - 9%, құрылыс пен абаттандыруға - 5%, көлік бағытына -  4% қызығушылық танытқан.

Жұмыс берушілер порталда өздігінен орналастырған 15 мың 988 бос жұмыс орнының 71%-да, жұмыс өтіліне айрықша талап қойылмағандықтан, жастардың еңбекпен қамтылуына оң әсер еткен. 

Еске сала кетсек, «Жұмыс» порталы», бұл – Қазақстандағы жұмысқа орналасу мәселелеріне арналған мамандандырылған интернет-ресурс. 

Интернет-статистика жөніндегі zero.kz қазақстандық рейтинг сервисінің мәліметінше, «Жұмыс. Бос жұмыс орындары» тақырыбы тұрғысынан enbek.kz порталы тиісті бағыттағы сайттардың арасында пайдаланушылардың кіруі жағынан жоғарғы көрсеткішке ие. 2016 жылы бірегей қолданушылар қатары 45 мыңнан 150 мыңға, қаралуы бойынша 242 мыңнан айына 1 миллионға өскен.                                

7 ақпан, 2017 - 15:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші