X
egov

You are here

2016 жылы Павлодар облысының 21 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

жұмыспен қамту

2016 жылы Павлодар облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (17,9 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (3,1 мың адам) қатарындағы 21 мың 45 адам қамтылды, бұл өңірдегі жұмыссыздар мен өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жалпы санының 71,2 %-ын құрайды.

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 232 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 1 887 адам;

- жастар тәжірибесіне 728 адам;

- қоғамдық жұмыстарға - 3 мың 934 адам ;

- кәсіптік оқытуға 1 285 адам жіберілсе, оның ішінде 252 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;

- 10 мың 582 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, 397 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.

2016 жылы республика бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен 520 мыңнан астам адам  қамтылды.

14 ақпан, 2017 - 12:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші