X
egov

You are here

Арнаулы қызметтерді дамытудың арқасында 600-ден астам бала отбасына оралды

балалар

2016 жылы, психоневрологиялық ауытқуы бар және интернат-үйлерде тәрбиеленіп келген 626 бала, өз отбасымен қайта қауышты. Бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жемісті ынтымақтастық орнатуы нәтижесінде мүмкін болды.

Өмірінде қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін мемлекеттік тапсырыс орналастыру арқылы, аталған нарыққа 100-ден астам ҮЕҰ тартылып, қажетті қызметтердің қолжетімділігін арттыруға жол ашылған.

 «Біріншіден, азаматтардың мемлекеттік не үкіметтік емес ұйымдар бағытында қызмет алуға қатысты таңдауы кеңейді. Екіншіден, мұндай ұйымдармен серіктестік құрудың арқасында, жүйке жүйесінде ақауы бар балалар үйлеріне кезектерді қысқарта алдық. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға керекті қызметті қамтамасыз еттік. Үшіншіден, бұл жұмыстардың қорытындысында, 626 бала интернат-үйлерден отбасыларына қайтып, 693 ана еңбекпен қамтылды. Бұл қадамдар психоневрологиялық ауытқуы бар балалардың күндізгі бөлімдерін ашуға септігін тигізді», - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Айгүл Табергенова.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары 6,3 мың адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті. Олардың арасында қарт адамдар, мүгедектер, мүгедек балалар және психоневрологиялық ауруларға шалдыққан тұлғалар, адам саудасының құрбандары бар.

16 ақпан, 2017 - 15:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші