X
egov

You are here

Елімізде 2016 жылы 35 мың мүгедек инватакси қызметін пайдаланды

инватакси

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы жүріп-тұруына арналған көлік қызметін дамытуға мемлекеттік тапсырыс орналастыру арқылы, 35 мың мүгедектің қажеттілігі қамтамасыз етілді.

 Жоғарыда көрсетілген қызмет түрі, Қазақстанда, 2014 жылдан бастап, қоларбамен жабдықтауға қатысты медициналық ұйғарым жасалған бірінші және екінші топтағы мүгедектерді және дербес көмекшінің болуы нұсқалған бірінші топ мүгедектерін қолдаудың қосымша шарасы ретінде енгізілгені атап өтерлік жайт.

Инватакси қызметі, айрықша тәртіпте, жұмыс немесе оқу кестесіне сай, еңбек ететін және білім алудағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналады. Өзге мұқтаж тараптар, өтініш ретіне қарай қамтылады.

Бүгінгі таңда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инватакси қызметі, еліміздің 13 өңірінде жұмыс істеуде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана мен Алматы қалалары).

Қарағанды мен Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында, инватакси қызметі жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.  

Барлық инватакси қызметінің автокөліктер саны 183 машинаны құрап отыр.

2014 жылдан бергі тиісті қызметті дамытуға жұмсалған сома мөлшері 843 млн теңгені межелесе, оның 308,8 млн теңгесі республикалық бюджетке тиесілі болып, 534,2 млн теңгесі жергілікті қазынадан екені байқалуда.

Өткен жылы, республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 145,8 млн теңгені төңіректесе, жергілікті қазынадан 340,1 млн теңге тағайындалған.

Мүмкіндігі шектеулі жандар таксиін әрі қарай дамытуға, 2017-2018 жылдар аралығы, республикалық бюджеттен 118,8 млн теңге көзделген.

Ескертерлігі, 2018 жылдан кейін, инватакси қызметін қаржыландыру толықтай жергілікті бюджет есебінен жүзеге аспақ. 

 

20 ақпан, 2017 - 10:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші