X
egov

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 2017-2018 жылдары, зейнетақылар мен жәрдемақылардың көтерілуін қамтамасыз етеді

коллегия

Бұл туралы, бүгін, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Тамара Дүйсенова, Мемлекет басшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, 2017-2018 жылдары азаматтарды әлеуметтік қамту деңгейін біртіндеп көтеруді тапсырғанын еске салды.

«Бірінші кезеңде, яғни 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, ынтымақты зейнетақы мөлшері, жылдың басында қосылған 9 пайызды ескергенде, 11%-ға  ұлғайтылады; базалық зейнетақы мөлшері,  жылдың басында қосылған 7 пайызды ескергенде, 13%-ға көтеріледі. Нәтижесінде, біз, 2016 жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшерін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етеміз. Бұл барлық зейнеткерлерге немесе 2 миллионнан астам адамға қатысты. Бюджетті нақтылау кезінде бұл мақсатқа шамамен 80 млрд теңге көзделген», - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, екінші кезеңде, жаңа әдістеме бойынша есептелетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы және базалық зейнетақы мөлшері 16%-ға дейін артпақ.

Өсімнің үшінші кезеңі тек базалық зейнетақыға қатысты болады және 2018 жылғы                   1 шілдеден бастап жүзеге асады деп болжануда. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты. Жаңа тәсілге сәйкес, ол, 1998 жылға дейін еңбек өтілі мен 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының келіп түсу кезеңдері кіретін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай тағайындалатын болады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен келесі жылдың екінші жартысына 147 млрд теңге бөлінген.   

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаменттері, Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация дирекциясы филиалдары (зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталықтары) басшыларының назарын, базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге байланысты қайта саналатынына аударғым келеді. Мұнда, біріншіден, зейнеткерлік құжаттардағы 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі қаралады. Бұл дегеніміз, зейнеткерлерге жұмыс өтілі жайлы қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ. Екіншіден, олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқаны анықталса, міндетті зейнетақы жарналарының аударылғаны жайлы ақпарат ҚР ЕХӘҚМ Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Бірыңғай есептік ақпараттық базасынан берілетін болады. Осы орайда, қандай да бір қосымша құжаттарды тапсыру қажет етілмейді», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.  

ҚР ЕХӘҚМ басшысы, сонымен бірге, бүгінгі таңда өзін жұмыспен қамтыған 1 миллионнан астам адам жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайтынын келтірді. Бұл адамдар зейнеткерлік жасқа жеткенде зейнетақының бір ғана түрін – ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 % мөлшерінде базалық зейнетақыны алатын болады. 

«Облыстар әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту орталықтарының, министрліктің аумақтық департаменттерінің басшылары осы санаттағы адамдармен мекенжайлары бойынша жұмыс жүргізіп, қажеттілігіне қарай оларды жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз не өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған ретінде тіркеулері, сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде оларға мемлекеттік қолдау көрсету үшін шараларды қолға алулары қажет», - деп нұсқады министр.

Тегтер:
21 ақпан, 2017 - 17:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші