2018 жылдан бастап мүгедектер мен көпбалалы аналарға арналған жәрдемақыларды рәсімдеу жеңілдейді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2018 жылдан бастап мүгедектер мен көпбалалы аналарға арналған жәрдемақыларды рәсімдеу жеңілдейді

коллегия

Бұл туралы, бүгін, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Министр, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, екі маңызды тұжырымдамалық өзгеріс арқылы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік жәрдемді жаңғырту жүргізелітінін атап өтті.

«Бірінші кезекте арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар жекелеген азаматтар тобының ыңғайына қарай икемделеді. Мысалға, мүгедектерге арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақымен біріктірілетін болады. Бұл 2 жәрдемақыны алу үшін, мүмкіндігі шектеулі жандарға, екі түрлі құжаттар пакетін дайындауға тура келеді. Жаңа көзқарасқа сай, көлемі қазір төленетін қос түріне сәйкес болатын, мемлекеттік жәрдемақының бір кепілденген түрі тағайындалатын болады», ¬- деп айқындады ведомство жетекшісі.

Дәл сондай өзгерістер көпбалалы аналарға («Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған, одан басқа I және II дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған) төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақыға да енгізілмек. Қазіргі кезде, аналардың бұл санаты үшін жәрдемақының 3 түрі қарастырылған, яғни, құжаттар пакеті үшеу болуы керек.

«Бұл тұста құжат тапсырудағы қиындықтардан тыс, жәрдемақыны беру тәртібінің саналуан заңдармен реттелетіні ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан, көпбалалы аналарға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы «көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы» болып өзгереді және оны алу үшін бір ғана құжаттар пакетін ұсынса жеткілікті болады», - деп атап көрсетті министр.

Халықты әлеуметтік қамтамасыз етудегі екінші елеулі өзгеріс жайында айтар болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Олар қазіргі іс жүзіндегі қағидалардың орнына ұсынылмақ:

- көпбалалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

- аз қамтылған отбасыларға арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы;

- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.

АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі. 

Тамара Дүйсенова, ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің базалық стандарты болып табылатынын еске салды. Бұл ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазақстандықтардың тұтыну шығындарының нақты деңгейін көрсететіндей, ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесі қайта қарастырылмақ. Мұндай өзгеріс  шамамен 3 млн адамға базалық зейнетақы, мүгедектер, асыраушысынан айырылған отбасылар үшін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және мүгедек балаларды күтушілердің жәрдемақы мөлшерін өсіруді қамтамасыз етпек. Бұл мақсатқа бюджеттен қосымша 63 миллиард теңге бөлінбек.

21 ақпан, 2017 - 18:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші