X
egov

You are here

2017 жылдан бастап ауылда тұратын азаматтар қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алады

коллегия

Бұл туралы, бүгін, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Министр, биыл, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастыратынын хабарлады.

«Бірінші кезеңде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету нарығын демонополизациялау қамтамасыз етілді.  Бұл қызмет көрсететін ұйымды азаматтардың өздеріне таңдауға (мемлекеттік секторда не үкіметтік емес ұйымдар бойынша); балалар психоневрологиялық интернат-үйлеріне кезекті жоюға; қызметтерді тұтынушыларға жақындатуға мүмкіндік берді.

Биылдан бастап өзгерістің екінші кезеңін бастаймыз. Бұл кезең азаматтардың тұратын жерлерінде қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталады. Осыған орай, жоғарыда айтқанымдай, жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында өңірлерге екі жобаны іске асыруды ұсынып отырмыз (әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшілерді даярлау және арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж жандарға қызмет көрсетуге арналған шағын сыйымдылықтағы үйлер ашу). Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы, бір жағынан ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге сұранысын өтеуге мүмкіндік туады, екінші жағынан зейнеталды жастағы әйелдерді және мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін өнімді жұмыспен қамтуға тартуға жол ашылады», - деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы, облыс әкімдерінің орынбасарларына, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, жұмыспен қамту орталықтары жетекшілеріне, 1 наурызға дейін бұл жобаларды өңірлерде жүзеге асыру мүмкіндігін айқындауды және ағымдағы жылдың 1 сәуірінен жүзеге асыра бастауды кеңес етті. 

21 ақпан, 2017 - 17:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші