Т. Дүйсенова: Әлеуметтік-еңбек саласында сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарына жол берілмеуі тиіс | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т. Дүйсенова: Әлеуметтік-еңбек саласында сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарына жол берілмеуі тиіс

коррупция

Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова,  ЕХӘҚМ кеңейтілген алқа отырысы қатысушыларымен секторлық кездесу өткізді. «Әлеуметтік-еңбек саласы: Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында Министрлік алдында тұрған негізгі міндеттер мен 2016 жыл қорытындысы» тақырыбында ұйымдастырылған жиында, ведомство жетекшісі, сыбайлас жемқорлықпен қатаң күресу керектігін нұсқады.  

Шараға ҚР ЕХӘҚМ жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева, вице-министрлер Біржан Нұрымбетов пен Светлана Жақыпова, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (әрі қарай – ЕӘҚКК) төрағасы Ақмәди Сарбасов пен оның орынбасарлары, құрылымдық департаменттер директорлары, ЕӘҚКК аумақтық департаменттері мен еңбек инспекциясы басқармалары басшылары, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ президенті Сәуле Дүйсенова және қордың филиал директорлары қатысты.  

Кеңес барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мұқсымов баяндама жасап, қатысушылар тарапына Қазақстанда қолға алынған парақорлықпен күрес шаралары жайлы әңгімелеп берді және өткен жылы әлеуметтік-еңбек саласында анықталған жемқорлық заңбұзушылықтар туралы бейнероликті назарға ұсынды.  

Өз кезегінде, ҚР ЕХӘҚМ басшысы, мұндай келеңсіздіктердің басым бөлігі еңбекке жарамсыздық жайын анықтау мен азаматтарға мүгедектік тобын тағайындау бағыттарында байқалғанын атап өтті.  

«Адамдар орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарды ажыратып жатпайды. Оларға керегі, барлық қажетті үдерістердің заң аясында жүргізілгені. Әлеуметтік-еңбек саласында сыбайлас жемқорлыққа жол беруге болмайды! Бұл мәселе, қызмет дәрежесіне қарамастан, барлығымызға қатысты. Баршамыз іс жүзіндегі заң талаптарын бұлжытпай сақтауға тиіспіз», - деп нығарлаған Тамара Дүйсенова, әлеуметтік-еңбек саласында жіберілген жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін басшыларға қатаң жауапкершілік жүктелетінін ескетті.

Кездесу қорытындысында, министр, кешегі ҚР ЕХӘҚМ кеңейтілген алқа отырысында алға қойған тапсырмаларды орындауға қатысты бірқатар нұсқаулар берді. 

22 ақпан, 2017 - 17:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші