ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыруға арналған жұмыс тобы құрылады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыруға арналған жұмыс тобы құрылады

қоғамдық кеңес

ҚР ЕХӘҚМ ведомствоның Қоғамдық кеңесін қалыптастыруға арналған жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша байқау өткізілетінін хабарлайды.

Аталған жұмыс тобына Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары мүше бола алады. Одан басқа, үміткер, сотталмаған; сот заңда белгіленген тәртіпте сыбайлас жемқорлық қылмыс пен (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған; психикалық ауруға,  маскүнемдікке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмаған болуы тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары жазбаша түрде үміткердің ТАӘ көрсете отырып, өмірбаянымен бірге, оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттармен қоса беріледі. Ұсыныстарын жіберген коммерциялық емес ұйымдар мен әр азамат бір үміткерден артық ұсына алмайды.

Құжаттар мына мекен-жай бойынша 2017 жылдың 7 наурызына дейін қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 830-кабинет және электрондық пошта арқылы: a.kaiyrbekkyzy@enbek.gov.kz.

Еске сала кетсек, қоғамдық мәні бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіруі, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың қарашасында ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданған.

Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.

23 ақпан, 2017 - 11:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші