X
egov

You are here

ҚР ЕХӘҚМ-де сараптамалық кеңесте жұмыс істеу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеу басталды

аккредитация

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ) Министрліктің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субьектілер бірлестіктерін аккредиттеу басталды.

Сараптамалық кеңестің жұмысына қатысқан, акредиттелген бизнес қауымдастық өкілдерінің бірлестіктері жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын ҚР ЕХӘҚМ нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жасау құқығына иа болады.

Сараптамалық кеңес жұмысына жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері қатыса алады.

Өтiнiш берушi аккредиттеу алу үшiн ҚР ЕХӘҚМ-не мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi ұсынады немесе салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылады;

3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Аккредиттеу 2017 жылғы интернет-ресурста жарияланған мерзімнен бастап 13 наурызға дейін Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 6 кіреберісте қабылданады. Байланыс телефондары: 743977, 743586.

Естеріңізге сала кетейік, жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес орталық мемлекеттік, өкілді және жергілікті атқарушы органдар жанынан кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындыларды алу; кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды тұжырымдау; кәсіпкерліктің мүдделерін қорғайтын ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 

Тегтер:
24 ақпан, 2017 - 15:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші