Т.Дүйсенова Қостанай облысының ардагерлері мен мүгедектеріне зейнетақы мен жәрдемақының қалай өсетіндігін түсіндірді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т.Дүйсенова Қостанай облысының ардагерлері мен мүгедектеріне зейнетақы мен жәрдемақының қалай өсетіндігін түсіндірді

зейнетақы

Бүгін Қостанайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ардагерлер, мүгедектер, жастар және ҮЕҰ өкілдерімен өткен кездесуде зейнетақы мен жәрдемақының қалай өсетіндігін түсіндірді.

Іс-шараға облыс, қала және аудан әкімдерінің кеңесшілері, облыстық басқармалардың, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаментінің, аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, мүгедектер қоғамдарының және жастар ұйымдарының басшылары қатысты.

Тамара Дүйсенова қарт адамдарға қамқорлық жасау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдығы екенін атап өтті.

 «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында Мемлекет Басшысы 2017-2019 жылдары азаматтардың әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін кезең-кезеңмен көтеру міндеттерін қойды.

 «Бірінші кезеңде, яғни 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, ынтымақты зейнетақы мөлшері, жылдың басында қосылған 9 пайызды ескергенде, 11%-ға  ұлғайтылады; базалық зейнетақы мөлшері,  жылдың басында қосылған 7 пайызды ескергенде, 13%-ға көтеріледі. Нәтижесінде, біз, 2016 жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшерін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етеміз. Бұл барлық зейнеткерлерге немесе 2 миллионнан астам адамға қатысты. Бюджетті нақтылау кезінде бұл мақсатқа шамамен 80 млрд теңге көзделген», - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, екінші кезеңде, жаңа әдістеме бойынша есептелетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы және базалық зейнетақы мөлшері 16%-ға дейін артпақ.

Өсімнің үшінші кезеңі тек базалық зейнетақыға қатысты болады және 2018 жылғы                   1 шілдеден бастап жүзеге асады деп болжануда. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты. Жаңа тәсілге сәйкес, ол, 1998 жылға дейін еңбек өтілі мен 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының келіп түсу кезеңдері кіретін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай тағайындалатын болады.

«Егер азамат тек 10 жыл жұмыс жасап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қаражат аударса немесе мүлдем жұмыс жасамаса, оның базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 54% құрайды, яғни бүгінгі базалық зейнетақы мөлшеріне балама болады. 10 жылдан артық жұмыс жасаған әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ға артады. Мысалы, еңбек өтілі – 20 жыл болса, базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 74% құрайды, 30 жыл жұмыс жасаса - базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 94% құрайды, егер еңбек өтілі 33 немесе одан да көп болса - ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 100% құрайтын болады. Қайта есептеу нәтижесінде ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 100% құрайтын базалық зейнетақы алушылардың саны 45,2% жететін болады, 74-тен 100 %-ға дейін - 44,7%. Базалық зейнетақының орта мөлшері 1,8 есе өседі (ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 87%), деп, түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ кездесу барысында ҚР ЕХӘҚМ басшысы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тамара Дүйсенова Қостанай облысында 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізіп, аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуіне қатысты.  

 

24 ақпан, 2017 - 18:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші