X
egov

You are here

2016 жылы Қызылорда облысының 40 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

жұмыспен қамту

2016 жылы Қызылорда облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (24,2 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (15,9 мың адам) қатарындағы 40 мың 67 адам қамтылды.

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 10 мың 530 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 961 адам;

- жастар тәжірибесіне 1 мың 240 адам;

- қоғамдық жұмыстарға - 7 мың 52 адам ;

- кәсіптік оқытуға 641 адам жіберілсе, оның ішінде 132 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;

- 13 мың 945 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты;

- өздігімен 4 мың 898 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, 800 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.

28 ақпан, 2017 - 10:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші