X
egov

You are here

ҚР ЕХӘҚМ қызметкерлері аз қамтылған Астана тұрғындарына азық-түлік себеттерін жеткізді

Алғыс күні

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері Алғыс күніне орай зейнеткерлер мен аз қамтылған тұрғындар үшін азық-түлік себеттерін жинады.

Алғыс күні қарсаңында олар 102 жастағы  Астана тұрғыны Дана Досполованы құттықтады.

Қайырымдылық ақциясы 2 наурызда да жалғастырылды. Бүгін ҚР ЕХӘҚМ қызметкерлері тыл еңбеккері Лидия Лобанова мен табысы күнкөріс деңгейінен төмен төрт отбасыға көмек көрсетті.

Азық-түлік себеттерінің құрамына жарма, шай, тәттілер және басқалары кірді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні мен Алғыс күні болып белгіленді. 2016 жылғы 1 наурызда Алғыс күні алғашқы рет өткізілді.

2 наурыз, 2017 - 16:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші