X
egov

You are here

Т. Дүйсенова Астананың 102 жастағы тұрғынын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Тамара Дүйсенова

Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласының 102 жастағы тұрғыны, тыл еңбеккері Дана Досполованы келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«Сіз өз өміріңізде көп жағдайды бастан кешірдіңіз. Басқа да қазақстандықтармен бірге тылда аянбай еңбек етіп, Ұлы Отан соғысындағы жеңісті жақындатуға үлес қостыңыз. Одан кейін елдің еңсесін көтеруге атсалысып, балаларыңыз бен немерелеріңізге жарқын болашақ іргетасын қаладыңыз. Оларды Отанды сүюге, оны көркейту жолында талмай еңбектенуге үйреттіңіз. Көктемнің осындай тамаша сәтінде Сізге шексіз тағзым мен ілтипат білдіруге рұқсат етіңіз. Шын жүректен мықты денсаулық, қажымас қайрат, бақ-береке тілеймін! Жақындарыңыздан тараған қамқорлық пен сүйіспеншілік сезімі мәңгілік сарқылмасын», - деді Тамара Дүйсенова.

Министр кейуанаға гүл шоғы мен теледидарды сыйға тартты.

Жалпы ҚР ЕХӘҚМ әйелдер қауымының әлеуметтік әлсіз топтарына айрықша назар аударуда.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 8 мыңнан астам ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оларға теңестірілген соғысқа қатысушылар; ҰОС жылдары тылдағы жанкешті еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСРО орден-медальдарымен марапатталған 4 мыңнан астам әйел; ҰОС жылдары тылда кем дегенде 6 ай жұмыс істеген 98 мыңдай әйел бар.

Сонымен қатар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған 240 мыңнан астам көпбалалы ана; төрт және одан да көп бала тәрбиелеудегі 249 мыңдай көпбалалы отбасы мемлекеттік қолдауға ие.

Барлық жоғарыда келтірілген азаматтар санаттары арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады.

Сондай-ақ, 53 жастан асқан 326 мың көпбалалы ана жеңілдікті зейнетақы алушы болып есептеледі.

Тағы бір айта кетерлігі, 2016 жылы, ана мен баланы қолдау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру аясында 438,1 мың отбасы бала туғанға және оның күтіміне байланысты жәрдемақымен; 175,9 мың аз қамтылған отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақымен; мүгедек баласы бар 73,4 мың отбасы олардың күтіміне қажет жәрдемақымен қамтамасыз етілді.

6 наурыз, 2017 - 16:42 өзгертілді
Министр М. Әбілқасымованың халық алдында есеп беру кездесуі 29.06.2018 ж.
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші