X
egov

You are here

Қазақстанның барлық аймағынан жиналған әлеуметтік-еңбек саласының мамандары Астанада азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша білім алуда

семинар

Бүгін Астанадағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін көтеру курстары» мемлекеттік мекемесінде, өңірлердегі жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары басшыларының орынбасарлары, жұмыспен қамту орталықтары директорлары мен мамандары және ауылдық округтер әкімдері үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде екі күндік семинар басталды.   

Шараның ашылу барысында сөз сөйлеген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов, жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлері мен ауылдық округтер әкімдерінің еңбек нарығын қалыптастыру мен жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тартуда белсенді іс-қимылдарды қолға алу керектігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта, ресми статистика деректеріне қарағанда, Қазақстанда 441 мың жұмыссыз және 344 мың өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған адам бар. Бұл, бізге, бірінші кезекте назар аудару қажет азаматтар санаты. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың және жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің енгізілетінін ескерсек, әр қазақстандық азаматтың мәртебесін нақты айқындағанымыз абзал. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан болса, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскеніміз белгілі. Мұнда сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту мен дағдыларды үйрету, несиелендіру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, еңбекпен қамту мен еңбекке жұмылуды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту қарастырылуда. Бұл құралдарды жоғарыда келтірген азаматтар санатын жұмыспен қамтуда белсенді пайдаланған жөн», - деді Біржан Нұрымбетов.

Семинар барысында, ҚР ЕХӘҚМ өкілдері өңірлерден келген мамандармен бірлесе отырып, «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесін қолданған күйде, жұмыс іздеген жандардың, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдардың мәртебесін анықтау; зейнеталды жастағы әйелдермен, төрт және одан да көп кәмелет жасқа толмаған балалары бар отбасылармен жұмыс істеу; «Ауылдық округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» ақпараттық жүйесі аясында ауылдық округтер әкімдерінің электрондық шаруашылық кітабын енгізу; қысқа мерзімді оқыту тұрғысында еңбек тынысына жұмылдыруда арнайы жобаларды іске асыру мәселелерін талқыға салады.   

13 наурыз, 2017 - 15:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші