Т.Дүйсенова: Ауылдық елдімекендер әкімдері жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдардың мәртебесін нақтылауы қажет | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т.Дүйсенова: Ауылдық елдімекендер әкімдері жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдардың мәртебесін нақтылауы қажет

Тамара Дүйсенова

Бұл туралы бүгін, Атырау облысы әкімдігінде өткен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңесте, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, қалалар мен аудандар және ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты.

ҚР ЕХӘҚМ басшысы, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйрету, несиелендіру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мен еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту көзделетін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды.  

«Жоғарыда айтып өткенімдей, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің министрлік, ресми статистика мағлұматтарын арқау ете отырып, ауылдық елдімекендер бойынша осы санатқа жататын адамдар тізімін жасақтады. Сәйкес тізімді барлық өңірге жібердік. Ауылдық елдімекендер әкімдері қысқа уақыт аралығында олардың мәртебесін анықтау жөнінде жұмыс жүргізуі, яғни аталған адамдардың жұмыссыздар немесе өнімсіз жұмыспен қамтылғандар екенін бағамдауы керек. Әр азаматтың мәртебесін анықтау арқылы, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды белсенді жұмыспен қамту шараларына тартып, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарна аударатын адамдар санын нақты анықтай аламыз», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

 

16 наурыз, 2017 - 13:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші