Т. Дүйсенова: Атырау облысының 54 мыңнан астам тұрғынының зейнетақысы көтеріледі | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т. Дүйсенова: Атырау облысының 54 мыңнан астам тұрғынының зейнетақысы көтеріледі

Тамара Дуйсенова

Бұл туралы бүгін, Атырау облысы әкімдігінде өткен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңесте, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, қалалар мен аудандар және ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты.

Кеңесте сөз алған министр, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың өсуі жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.  

«Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Бұл санаттағы 54 мың адамның Атырау облысында тұратынын айта кеткен абзал», - деді Тамара Дүйсенова.

Анығырақ тоқталсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрайтынын ескерсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарындағы) 2017 жылдың 1 шілдесінен 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды.  

Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артқан болса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өсім 27%-ды құрайды.

Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 783 теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, Атырау облысындағы зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 58 898 теңгені құрады.

16 наурыз, 2017 - 13:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші