X
egov

You are here

Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан жұмыспен қамту орталықтарында электрондық кезек енгізілді

жұмыспен қамту

Алматы, Астана және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту орталықтарында (әрі қарай – ЖҚО) көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында электрондық кезек енгізілді.

Жыл аяғына дейін электрондық кезек еліміздің барлық облыс орталықтарындағы ЖҚО-ларда іске қосылады.

Сонымен қатар, 172 халыққа қызмет көрсету орталығында (әрі қарай – ХҚКО) жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері үшін 206 жұмыс орны құрылып үлгерді. Бұл дегеніміз, жұмыс іздеген әр жан, енді ХҚКО мекемелеріне де бара алады. Жақын арада ЖҚО мамандары қалған 98 ХҚКО-ларда да қажетті әрекеттерге кіріседі.

Еске сала кетсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (әрі қарай – ЕХӘҚМ) жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жұмыспен қамту орталықтарының іс-қимыл сипатын өзгертуде. Аталған орталықтарда, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді дербес ескерген райда, азаматтардың әлеуетін көтеруге бағытталған жаңа қызмет көрсету стандарттары пайда болмақ. Жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік мекеме дәрежесінен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын түріне ауыспақ. Осы арқылы, жекеменшік саладағыдай, ЖҚО қызметкерлерінің еңбекақысын түпкі нәтижеге қарай төлеуге жол ашылады. 

Осымен бірге, жаңа компьютерлермен жабдықтау, бағдарламалық кешендер орнату аясында, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері министрліктегі барлық ақпараттық жүйелерге және эталондық қорларға қол жеткізеді. 

30 наурыз, 2017 - 10:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші