X
egov

You are here

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

еңбек құқығы

2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 437 кәсіпорнында 7,7 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 943 млн теңгеден астам қарыз бар екенін анықтады. 

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 388 ұйғарым беріліп, 49 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 654 млн теңге төленді.  

Жалақы төлемдері бойынша қалған қарызға қатысты жұмыс жалғасын табады.  

Жалпы, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 1549 тексеру жүргізіп, 1,8 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу дерегі анықталды және 65,6 млн теңге сомаға айыппұл салынды.   

4 сәуір, 2017 - 13:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші