X
egov

You are here

Шымкентте солтүстік өңір жұмыс берушілерінің бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

жұмыспен қамту

Бүгін Шымкент қаласында Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары жұмыс берушілерінің бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Шараға ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, ОҚО қалалары мен аудандарының әкімдері, жоғарыда келтірілген өңірлердегі жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшылары және жұмыс берушілер қатысты.

«Бүгін алғаш рет ОҚО жұмыс берушілерінен тыс, бірден 4 өңірден бос жұмыс орындары ұсынылаған ірі жәрмеңке өтіп отыр және бұл шараның халық ең тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылғаны кездейсоқ емес. Мұнда еңбек күші айтарлықтай артық болса, солтүстік өңірлерде жұмыс қолының тапшылығы сезіледі. Сондықтан, аталған жәрмеңке, ОҚО тұрғындарына өз мамандығы бойынша жұмыс табуға көмектеседі деген үміт бар. Осы орайда, мемлекет, жол пұлын және бір жыл бойы баспана жалдауға кететін шығынды өтеуге субсидия бөлетінін атап өткен жөн. Еңбек күші артық өңірлерден жұмыс қоры тапшы аймақтарға қоныс аудару жұмыскер мен жұмыс берушінің өзара қызығушылығы бойынша ерікті түрде жүзеге асатынын атап өткім келеді», - деді шараның ашылу барысында Тамара Дүйсенова.  

Шымкент қаласындағы шараға дейін, 3-4 сәуір күндері ұқсас жәрмеңкелер өңірдегі Мақтаарал және Сарыағаш аудандарында өтті. Жалпы алғанда солтүстік өңірлердегі 636 жұмыс беруші Оңтүстік Қазақстандағы ағайынға өндіріс (37%), білім беру (31%), денсаулық сақтау (21%), мемлекеттік басқару (6%), ауылшаруашылық (3,6%), құрылыс (1%) салаларынан 1785 бос жұмыс орнын ұсынды.

ОҚО жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының дерегіне қарағанда, бүгінгі таңда өңірдегі жоғары білімі бар білікті мамандар мен біліктілігі жоқ жұмысшылардың шамадан тыс артықшылығы 66 мың 474 адамды құраса, мамандарға деген тапшылық небары 3 мың 702 адамды көрсетуде. Облыстың еңбек нарығында өндірістік саланың және станоктар мен машиналар операторларының білікті мамандары тапшылығы аңғарылуда.   

Еске сала кетсек, ерікті көші-қонды ынталандыру мақсатында, ел Үкіметі оралмандарды қосқанда қоныс аударушыларды қабылдауда 7 өңірді (Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан) және көштің қайнар көзі ретінде 4 өңірді (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысы) белгіледі.

2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан 146 отбасы Солтүстік Қазақстан (125 отбасы), Қостанай (18 отбасы) және Шығыс Қазақстан (3 отбасы) облыстарына қоныс аударды.

5 сәуір, 2017 - 13:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші