ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қоғамдық кеңес мүшелері таңдалады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қоғамдық кеңес мүшелері таңдалады

қоғамдық кеңес

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (әрі қарай – ҚР ЕХӘҚМ) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау байқауы жарияланды.

Қоғамдық кеңесті жұмыс тобы мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңеске мүшелікке үміткерлерді ұйымдармен қатар, азаматтар өздері ұсына алады.

Қоғамдық кеңеске мүше болуға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматттарының мүмкіндігі бар. Ол сотталмаған, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмаған болуы тиіс.

Қоғамдық кеңес құрамына коммерциялық емес ұйымдардың ұсыныстары және (немесе) азаматтардың өтініштері жазбаша түрде үміткердің ТАӘ көрсете отырып, кәсіптік және қоғамдық қызметі туралы мәліметі, өмірбаянымен бірге оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттарымен қоса берілуі қажет. Ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым мен әр азамат бір үміткерден артық ұсына алмайды.

Құжаттар 2017 жылғы 16 сәуірге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 934-кабинет және келесі электрондық пошта арқылы ­– s.omarova@enbek.gov.kz.

Еске сала кетсек, қоғамдық мәні бар мәселелер жөнінде азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіруін, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруін, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы қарашада ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды.

6 сәуір, 2017 - 15:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші