X
egov

You are here

672 отбасы Оңтүстік Қазақстан облысынан солтүстік өңірлерге көшуге ниет білдірді

жұмыспен қамту

3-5 сәуір аралығы Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Сарыағаш аудандары және Шымкент қаласында өткен солтүстік өңірлер жұмыс берушілерінің бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысында, 672 отбасы еліміздің теріскей аймақтарына қоныс аударуға шешім қабылдады. Олардың ішінде 96 отбасы Мақтаарал ауданынан болса, 124 отбасы Сарыағаш ауданында және 452 отбасы Шымкент қаласында тұратын болып шықты.

Солтүстік облыстарға бет бұрған отбасыларда 1 мың 8 еңбекке қабілетті жан саналса, бұл жердегі 794 адам мемлекеттік қызметте, 116 азамат ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге құлшыныс танытып, 98-і кәсіпкерлікпен айналысуды жөн көруде.   

187 отбасы Солтүстік Қазақстан, 169 отбасы Шығыс Қазақстан, 161 отбасы Қостанай және 155 отбасы Павлодар облысын таңдап отыр.            

Жалпы алғанда солтүстік өңірлердегі 636 жұмыс беруші Оңтүстік Қазақстандағы ағайынға өндіріс (37%), білім беру (31%), денсаулық сақтау (21%), мемлекеттік басқару (6%), ауылшаруашылық (3,6%), құрылыс (1%) салаларынан 1785 бос жұмыс орнын ұсынды.

Барлығы жәрмеңкеге облыстың 5,7 мың тұрғыны қатысты.

Еске сала кетсек, ОҚО жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының дерегіне қарағанда, бүгінгі таңда өңірдегі жоғары білімі бар білікті мамандар мен біліктілігі жоқ жұмысшылардың шамадан тыс артықшылығы 66 мың 474 адамды құрауда.

Ерікті көші-қонды ынталандыру мақсатында, ел Үкіметі оралмандарды қосқанда қоныс аударушыларды қабылдауда 7 өңірді (Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан) және көштің қайнар көзі ретінде 4 өңірді (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысы) белгіледі.

2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан 146 отбасы Солтүстік Қазақстан (125 отбасы), Қостанай (18 отбасы) және Шығыс Қазақстан (3 отбасы) облысына қоныс аударды.

 

7 сәуір, 2017 - 18:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші