X
egov

You are here

Мәжілісте азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша заң жобасы таныстырылды

Мажилис Парламента РК

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутаттарға Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырды.

ҚР ЕХӘҚМ басшысы жоғарыда аталған заң жобасында:

- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақылардың мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттыру;

- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының көлемін 20%-ға өсіру;

- жұмыс берушінің 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын енгізудің қарастырылған мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделгенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен төленетін зейнетақылардың мөлшері кезең-кезеңімен арттырылады. Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға өскенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға өскенін ескере отырып, тағы 13%-ға артатын болады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 шілдедеден бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылғы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға дейін көбеюін қамтамасыз етеміз. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды», - деді Тамара Дүйсенова.

Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескергенде) 2016 жылғы 37 789 теңгеден 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 45 711 теңгеге дейін ұлғаяды. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қоса есептегенде) 55 117 теңгеден 66 676 теңгеге дейін артады.

«Келесі рет зейнетақы 2018 жылдың 1 шілдесінен көтеріліп, базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруіне байланысты болады. Жаңа әдіске сәйкес, ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады, бұл ретте 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының кезеңі ескеріледі», - деп жеткізді Тамара Дүйсенова.

Осы орайда, министр, базалық зейнетақы барлық зейнеткер үшін қайта есептелетінін келтірді. Оларға қандай да бір қосымша құжаттарды жинаудың қажеті жоқ. Себебі 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі туралы ақпарат іс құжаттарында шоғырланған, ал аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мағлұмат ҚР ЕХӘҚМ Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Бірыңғай есептік ақпараттық базасынан беріледі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесінің өзгеруін және ағымдағы жылы зейнетақылар мөлшерінің 20 пайызға дейін артуын ескере отырып, заң жобасында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін күнкөріс деңгейінен 50%-дан 54%-ға дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

«Осылайша, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшері егер азаматтардың еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударымдар кезеңі 10 жылдан аспаса, онда күнкөріс деңгейінің 54%-ын; 20 жыл болса – күнкөріс деңгейінің 74%-ын; 33 жылдан асқанда – күнкөріс деңгейің 100%-ын құрайды. Нәтижесінде, еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударымдар кезеңі мол азаматтардың зейнетақысы көп болады. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2 млн зейнеткердің 44,7 %-ы  күнкөріс деңгейінің 74 %-нан жоғары алатыны; 45,2 %-ы күнкөріс деңгейінің 100%-ын алатыны немесе базалық зейнетақысы бүгінгіге қарағанда 2 есе көп болатыны күтілуде», - деп тарқатты Тамара Дүйсенова.

Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы зейнетақының өсімі 27%-ды құрайды.

«Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгеге жетіп, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 мың теңгеге дейін жоғарылап, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгені құрайтыны ұйғарылуда», - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Министр жоғарыда аталған зейнетақыларды және тиісті жәрдемақы түрін арттыру үшін республикалық бюджеттен жалпы алғанда 81,6 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

Бұдан тыс, Заң жобасында мүгедек балалардың ата-аналарына төленетін жәрдемақыны тағайындау үдерісін оңтайландыру да қарастырылуда. Енді олар медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткен кезде мүгедектікті белгілеу бойынша қызметтен бөлек, мүгедек баланы тәрбиелеушіге арналған жәрдемақыны тағайындауға өтініш бере алады.

Заң жобасында 8 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Заң жобасы қабылданған жағдайда құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдар әкелмейді.

 

12 сәуір, 2017 - 17:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші