X
egov

You are here

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысының 47 мыңға жуық тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

жұмыс

    2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (29,6 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (17,3 мың адам) қатарындағы 46 мың 974 адам қамтылды. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 80%-ы.

    Оның ішінде:

    - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында   іске асырылып жатқан жобаларға 8 мың 925 адам жұмысқа орналасты;

    - әлеуметтік жұмыс орындарына - 1 мың 363 адам;

    - жастар тәжірибесіне - 1 мың 246 адам;

    - қоғамдық жұмыстарға - 9 мың 138 адам ;

    - кәсіптік оқытуға 2 мың 406 адам жіберілсе, оның ішінде 576 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;

    - 19 мың 899 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты;

    - өздігімен 3 мың 555 адам жұмысқа орналасты.

    Бұдан басқа, 442 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.

17 сәуір, 2017 - 11:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші