X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ел өңірлеріндегі мамандарды «Өрлеу» жобасы мен жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселелеріне оқытады

Өрлеу

ҚР ЕХӘҚМ өкілдері жыл аяғына дейін жергілікті атқару органдардың 500-ден астам қызметкеріне «Өрлеу» жобасын түсіндіру мен жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселелері бойынша оқу семинарларын өткізеді.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 25-26 сәуір күндері, Қостанай қаласында министрлік өкілдері Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары мамандарына көшпелі оқыту сабақтарын жүргізді. Шараға облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының 70 маманы қатысты.

Оқыту барысында аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік қолдау көрсетудің жаңа тәртібі, «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру кезіндегі ақпараттық жүйелердің жұмысы талқыланды.

Бұған дейін, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында, министрлік қызметкерлері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының және Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары мамандарына сәйкес семинарлар өткізіп, бұл шараларға 150-ге жуық адам қатысты. 

28 сәуір, 2017 - 09:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші