Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

ардагерлер

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы (әрі қарай – ҰОС) ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуде белсенді шараларды қолға алуда.

Қазақстанда, ағымдағы жылдың басынан бері, жергілікті бюджет қаржысы есебінен және демеушілік көмек есебінен ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік жәрдем жасауға 1 млрд 97 млн теңге қарастырылды (жергілікті бюджет -  971,3 млн теңге, демеушілік қаржы - 125,7 млн теңге).

3 мамырдағы жағдай бойынша 838,2 млн теңге сомасында 39,1 мың біржолғы материалдық көмек берілді; 8,2 мың ардагерге 205,9 млн теңгеге коммуналдық қызметтер төленді; 52 ардагер 821,3 мың теңгеде жанармаймен қамтамасыз етілді;  56,2 мың ардагер 296,4 млн теңгеге тең жеңілдікке ие дәрі-дәрмекмен қамтылды; 476 ардагерге 11,8 млн теңгеге тіс протезі салынды; 5,8 мың ардагер 30,6 млн теңгеге қалалық және облыстық қатынас жолдарында жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру мүмкіндігін иеленді; 4,9 мың ардагер 16,1 млн теңгеге мерзімді басылымдарға жазылды.

6,7 мың ардагер 226,5 млн теңгеге көмектің басқа да түрлерін алды (әлеуметтік такси, шаштараз, монша, кабельдік телевидение қосу және өзге де).

Жыл сайын зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшері өсіп келеді.

 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ҰОС қатысқандарға әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері – 114 655 теңгені; ҰОС ардагерлеріне – 118 499 теңгені; ҰОС қатысқандарға теңестірілген тұлғаларға – 109 176 теңгені; ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 81 798 теңгені; ҰОС жылдарында тылда еңбектенген тұлғаларға  – 71 637 теңгені құрады.

ҰОС ардагерлеріне медициналық көмек, республикалық әрі өңірлік деңгейде, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ақысыз көрсетіледі.

Қазіргі уақытта, елімізде, ардагерлерге стационарлық медициналық жәрдем ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне арналған 2 мамандандырылған республикалық госпитальде (Астана мен Алматы қалалары), арнайы сервистік палаталары бар облыстық және қалалық ауруханалардың мамандандырылған бөлімшелерінде жасалады.

Сонымен қатар, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында, ҰОС ардагерлері еркін таңдау қағидаты арқылы кез-келген республикалық медицина ұйымында жоғары мамандандырылған медициналық көмек ала алады.

Жалғызбасты және көлікпен алып жүруге келмейтін тұлғаларды қосқанда, ҰОС ардагерлерін күндізгі стационарлар мен үйдегі сауықтыру іс-қимылдарына жағдай жасалуда. 

Бүгінгі таңда 850 ардагер стационарлық сипаттағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде өмір сүрсе, 349 ардагерге жартылай стационарлық сипаттағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетіліп, шипажайлық-курорттық емдеумен 877 ардагер қамтылған.

Техникалық көмекші (орын толтыру), міндетті гигиеналық құралдар, сауықтырудың жеке бағдарламасына сай, 30,2 млн теңге сомасында 86 ардагерге ұсынылған.

Үй жағдайында қызмет көрсетудің мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік сипатындағы ұйымдары 8 503 жалғызбасты және жалғыз тұратын ардагерге әлеуметтік қызмет көрсетсе, оның ішінде 70 ҰОС мүгедегі, 199 ҰОС қатысқан ардагер, ҰОС мүгедектеріне теңестірілген 21 тұлға, ҰОС қатысқандарға теңестірілген 146 тұлға, ҰОС қаза тапқан әскери қызметкерлердің 137 жесірі, 5 875 тыл еңбеккері, өзге де 2 055 ардагер бар.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеу қарсаңында, жергілікті атқарушы органдар тарапы ардагерлерге қолдау көрсету мен ардақтау тұрғысында шаралар жоспарын әзірлеп, оның аясында ел бойынша 400-дей іс-шара өткізу көзделген.

Қазіргі кезде елімізде 2 776 - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 157 679  - ҰОС жылдарында тылда жұмыс істегендер; 194 - қоршауда болған Ленинград қаласында жұмыс істегендер; 487  – кәмелетке толмаған кездерінде концлагерьлерде, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарында болғандар; 7 806 - қайтыс болған соғыс мүгедектердің әйелдері; 80 – ҰОС кезіндегі әскери қызметкерлер, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, қайтыс болғандардың (із-түссіз жоғалып кеткендер) қайта үйленбеген жұбайлары; өзге де Жеңіске үлес қосқан санаттардан 778 азамат өмір сүріп жатыр.

 

3 мамыр, 2017 - 17:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші