X
egov

You are here

2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 72 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

жұмыспен қамту

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында, 2016 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қолдау шаралары жұмыссыздар (43 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (29,2 мың адам) қатарындағы 72 мың 176 адамға көрсетілді. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 83,4%-ы.

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында   іске асырылып жатқан жобаларға 12 мың 956 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына - 4 мың 972 адам;

- жастар тәжірибесіне - 5 мың 135 адам;

- қоғамдық жұмыстарға - 8 мың 175 адам ;

 - кәсіптік оқытуға 2 мың 631 адам жіберілсе, оның ішінде 529 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды.

Бұдан басқа, 36 мың 218 адам өздігімен жұмысқа орналасып, 2 мыңнан астам қазақстандық (2089 адам) жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.

4 мамыр, 2017 - 12:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші