ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері біркүндік жалақыларын су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке аударды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері біркүндік жалақыларын су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке аударды

министрлік үйі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлері біркүндік жалақыларын Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Қостанай облыстарының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек қорына аударды.

Қаражат келесі қоғамдық қорлардың арнайы есепшоттарына аударылды: Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола филиалының жанындағы «Қазақ тілі мен мәдениеті», «Қолғанат Ақтөбе» (Ақтөбе облысы), «Туған елім» (Қарағанды облысы), “Милосердие-Қостанай” (Қостанай облысы) және “Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Ғ.Мүсірепов атындағы филиалы (Солтүстік Қазақстан облысы). 

Табиғаттың тосын мінезінен жапа шеккен отандастарымызға қолдау көрсетуге министрліктің орталық аппаратында, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында, Мемлекеттік аннуитеттік компанияда, Еңбек қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында және  “Біліктілікті көтеру курстары” мемлекеттік мекемесінде істейтін 300 қызметкер ниет білдірді.

Жоғарыда аталған қорларға жіберілген қаржының жалпы сомасы 5,1 миллион теңгеден асты.

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналған қаражаттың барлығы киім мен азық-түлік сияқты алғашқы қажеттілік заттарын алуға жұмсалмақ.

Тегтер:
10 мамыр, 2017 - 12:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші