Қазақстанда “Өрлеу” жобасы аясында отбасыны қолдау институты жұмыс істей бастайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда “Өрлеу” жобасы аясында отбасыны қолдау институты жұмыс істей бастайды

Өрлеу

2017 жылдың алғашқы тоқсанында “Өрлеу” жобасына 48,3 мың адам немесе 8,2 мың отбасы қатысты. Бұл уақыт аралығында оларға 1,7 млрд теңге сомасында шартты ақшалай көмек көрсетілді (республикалық және жергілікті бюджет есебінен). 1 сәуірдегі жағдайға қарағанда, жобаға қатысушы отбасылардың 87% еңбекке жарамды мүшелері тұрақты жұмыс орындары арқылы еңбекпен қамтылды.

“Өрлеу” жобасы 2014 жылдан бері Қазақстанның үш өңірінде - Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында пилоттық тұрғыда енгізілді. Жобада әлеуметтік келісімшарт жасаған тұлғаларға шартты қаржылай жәрдем беру қарастырылған. Әлеуметтік келісімшарт аясында өмірде қалыптасқан қиын ахуалдан шығуға байланысты әр отбасыға жеке жоспар жасалады.

     2015 жылғы 1 шілдеден бастап ұқсас өңірлік пилоттық жобалар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. Мәселен, 2016 жылы, “Өрлеу” жобасына 40 мыңдай адам қатысты. Нәтижесінде жобаның еңбекке жарамды қатысушыларының 90,5%-ы еңбекпен қамтылып, жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 еседен астамға өсті.  

    Биыл, болжам бойынша, «Өрлеу» жобасына 150 мыңға жуық аз қамтылған азаматты тарту жоспарлануда.

     2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінетін атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек арқылы өмірде қиын жағдайда қалған отбасының еңбекке жарамды мүшелеріне әлеуметтік келісімшартқа отыру арқылы қосымша көмек ұсынылады.

Шартты көмек болашақта еңбекпен қамту арқылы тұрақты кіріс көзін қамтамасыз ету, кейінірек жұмысқа орналастыра отырып, жаңа мамандыққа оқыту мақсаттарына қажет болмақ. Жобаға қатысу кезінде қосымша дербес ақшадай көмек беріледі.

Әлеуметтік келісімшартқа атсалысушы тараптардың өзара міндеттері белгіленеді. Мысалға өкілетті орган өмірде қиын жағдайда қалған нақты отбасыға дербес жоспар әзірлеп, әлеуметтік көмек алушылардың тіршілік деңгейіне мониторинг жүргізеді.

Осылайша, келісімшартта өкілетті орган мен отбасы жүзеге асыратын шаралар кешені көзделетіндіктен, Қазақстанда отбасыны қолдау институты жұмыс істей бастамақ. Сонымен бірге, жағдайды жақсарту бойынша қарастырылған шараларға қатысудан бас тартқан кезде (белгілі бір себепсіз), еңбекке жарамды жобаға қатысушыға ескерту жасалып, қосымша шартты ақшалай көмек сомасы 50%-ға азаюы мүмкін. Дегенмен, балалар үшін шартты ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік қолдау толық көлемде сақталып, отбасының еңбекке жарамды мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу-қатыспауына қарамастан, әр балаға АӘК төленеді.

10 мамыр, 2017 - 15:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші