X
egov

You are here

2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысының 22,4 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

жұмыспен қамту

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында, 2016 жылы, Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қолдау шаралары жұмыссыздар (16,4 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (6 мың адам) қатарындағы 22 мың 410 адамға көрсетілді. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 100%-ы.
     Оның ішінде:
     - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары            аясында   іске асырылып жатқан жобаларға 1 мың 924 адам жұмысқа орналасты;
   - әлеуметтік жұмыс орындарына - 783 адам;
   - жастар тәжірибесіне - 513 адам;
   - қоғамдық жұмыстарға - 4 мың 60 адам ;
   - кәсіптік оқытуға 779 адам жіберілсе, оның ішінде 143 адам кәсіпкерлік  негіздеріне оқуға жолданды.
   Бұдан басқа, 13 мың 960 адам өздігімен жұмысқа орналасып, 391 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.

11 мамыр, 2017 - 10:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші