Ардагерлер ұйымын мерейтоймен құттықтады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Ардагерлер ұйымын мерейтоймен құттықтады

ардагерлер

Бүгін Астанада "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына отыз жыл болуына байланысты салтанатты жиын болып өтті.

Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіхалықова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Ізмұхамбетов қатысты. 
Мерекелік жиынды кіріспе сөзімен ашқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова ҚР Президенті атынан грамоталар мен естелік белгілер табыс етті.
Сонымен қатар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Тамара Дүйсенова, құттықтау сөз сөйледі:

«Қадіргі ардагерлер! Сіздерге қоғамда пайда болған мәселелердің шешімін табуға белсенді атсалысып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулға қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Шын жүректен мол табыс пен бақ-дәулет, мықты денсаулық, баянды да ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрқашан жақындарыңыздың жан жылуына бөленіп жүре беріңіздер!".
Салтанатты жиын "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына отыз жыл толғанына арналған мерекелік концертке ұласты.

12 мамыр, 2017 - 11:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші