X
egov

You are here

Қазақстанда Экономикалық даму ұйымының озық тәжірибелері қолданылады

Нұрымбетов

Астанада, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, «Үш топқа арналған көзқарасқа шолу: жастар, егде жастағы жұмысшылар және халықтың осал топтарын қорғау» жобасы бойынша есеп беру семинары өтті.

Семинар мақсаты - түпкілікті жарияламас бұрын мемлекеттік органдар мен өзге де мүдделі тараптардың негізгі отандық және шетелдік сарапшыларымен жобаның басты нәтижелерін талқыға салу.

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшыларымен бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар тындырылды. Түпкілікті есеп осы жылдың маусым айының аяғында жарық көреді деп күтудеміз. Мәселенің өте өзекті екені даусыз. Елімізде, жұмыспен қамту саласында, арнайы бағдарламалар қабылданып, еңбек нарығындағы жағдай тұрақтылығын байқатуда. Дегенмен, жастар, егде жастағы еңбеккерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар тәрізді азаматтардың жекелеген тобын жұмыспен қамтуға әрқашан айрықша назар аударылатыны анық. Сондықтан, аталған бірлескен іс-қимылдың жемісінде, халықаралық тәжірибе мен ұлттық заңнаманы зерделеу тұрғысында ҚР Үкіметіне нақты ұсыныс-кеңестер беріліп, түпкі нәтижесі жоғарыда келтірілген азаматтар санатын еңбекпен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды тиімді жүзеге асыруға әсер етеді деген ойдамыз», - деді есептік семинарды кіріспе сөзімен ашқан ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Шараға ҚР ЕХӘҚМ департаменттерінің басшылары, ЭЫДҰ жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі мамандары, еліміздегі Халықаралық еңбек ұйымының ұлттық үйлестірушісі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының, үкіметтік емес ұйымдардың, Азия даму банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері және тағы басқа тараптар қатысты.

Жобада, ЭЫДҰ-ның соңғы он жыл көлемінде жастарды, егде жастағы еңбеккерлерді жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі жандарды мақсатты түрде әлеуметтік қолдау саласындағы жұмысы арқау етілген.

Қазақстанда, қазіргі уақытта, жұмысқа орналасуда саналуан кедергілерге жолығып, қиналатын жекелеген азаматтар санаттарын жұмыс орындарымен қамту мәселесі өзекті болып қалуда. Бұл жерде жастар мен зейнет жасына жақындаған қарт адамдар және де мүгедектер сөз болып отыр.

Осыған байланысты, жоба аясында, ЭЫДҰ елдеріндегі алдыңғы қатарлы тәжірибе арқылы Қазақстанда қолдануға болатын ұсыныс-кеңестер түзіп шығу көзделуде.

Зерттеудің басты қорытындысы жұмыспен қамтуда ұсынылатын тетіктер, жоғарыда көрсетілген халық санаттарын еңбекпен қамтуға қолайлы ахуал қалыптастыруға қажет институционалдық шаралар кешені болуы тиіс.

Жоба нәтижесіндегі ұсыныс-кеңестер жұмысқа мұқтаж қазақстандықтарды еңбекпен қамтуда кәдеге жарап, егде адамдарды, жастарды және мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруда көп мүмкіндік бермек.  

Сонымен бірге, ұсынымдар, Қазақстанда аталған әлеуметтік топтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыруға жаңа леп сыйлайтыны болжануда. 

Айта кетерлігі, ЭЫДҰ алдын ала есебі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2016 жылдың желтоқсан айында ұсынылған болатын.

23 мамыр, 2017 - 12:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші