X
egov

You are here

«Нұр Отан» партиясында азаматтарды әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша қабылдау өтті

«Нұр Отан»

Бүгін, «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов азаматтарды қабылдау өткізді.

Келіп түскен арыз-шағымдарды талдау барысы көрсеткендей, көп жағдайда мәселе денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікті алуға, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек дауларына, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру түйткілдеріне байланысты болып отыр. Олардың барлығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мұқият қаралып, әрқайсына қажетті түсініктемелер берілді.

«Азаматтар, әдетте, көбінесе еңбек заңнамасының бұзылуына қатысты шағымданып жатады. Өкінішке қарай, заңбұзушылықтар қарасы қалың. Отандастарымыздың басым бөлігі өз құқығын жеткілікті дәрежеде білмегендіктен, бірден еңбек инспекторларына хабарласпайды», - деп байыптады вице-министр.  

Мысалға, қоғамдық қабылдауға жүгінгендердің арасында көпбалалы ана бар. Ол жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтылғанымен, жұмыс беруші тарапынан денсаулығына күдік туындағандықтан, жұмысынан айырылып қалатынына қорқатынын жасырмады. «Мамандарымыз оның еңбек құқықтары аяққа тапталмауын, жұмыс берушінің Қазақстан заңдарына қайшы келмеуін назарда ұстайтын болады. Жағдайды бақылауға алдық», - деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.

Қабылдау қорытындысында, вице-министр, азаматтардың барлық өтініштері жан-жақты зерделеніп, шешу жолдары бойынша тиісті іс-қимылдар қолға алынатынын жеткізді.

24 мамыр, 2017 - 19:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші