X
egov

You are here

Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелеріне арналған қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

ҚР ЕХӘҚМ

26 мамыр, ведомство басшысы Тамара Дүйсенованың қатысуымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (әрі қарай - ҚР ЕХӘҚМ) жанындағы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелеріне арналған қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы болды.

Министр, жиынды аша отырып, Қоғамдық кеңес жұмысы арқылы министрлік қызметі халық алдында ашық әрі анық бағытта дами түсетінін атап өтті. «Біздің министрлік үнемі өз ұстанымына халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мәселесін арқау етіп келеді. Сонымен қатар, қолға алынған шешімдерді іске асыруға азаматтық қоғамның белсенді өкілдерін тартуды назарда ұстаудан жаңылған емеспіз. Қоғамдық кеңеспен бірлескен іс-қимыл Үкімет пен жергілікті жерлерде әкімдіктер әрекетінде ашықтық қағидасынан айнымауға мүмкіндік береді. Министрліктің таяу уақытта қайта құрылуына байланысты, әлеуметтік-еңбек саласы мәселелеріне арналған жаңа Қоғамдық кеңес жұмысын бастайтынын хабарлаймыз», - деп келтірді ҚР ЕХӘҚМ басшысы.  

Қоғамдық кеңес құрамына ҚР ЕҚӘҚМ жауапты хатшысы, құрылымдық бөлімшелер мен ведомствоға қарасты ұйымдар жетекшілері және ҮЕҰ өкілдері кірді.

Кеңес төрайымы болып ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева сайланды.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері еңбек қатынастары мен әлеуметтік мәселелер сынды министрліктің негізгі қызмет тармақтарында екі комиссия қалыптастыруды ұсынды.

Еңбек қатынастары бойынша комиссияның төрағасы ретінде Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец тағайындалды. Әлеуметтік қорғау мәселелері комиссиясына Аслан Қаржаубаев басшылық ететін болды.

Осымен бірге ҚР ЕХӘҚМ Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері сайланды.

Жиында Қоғамдық кеңес мүшелері 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын талқыға салып, министрлік әзірлеген 10 нормативтік-құқықтық акт жобасын қарастырды.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың қараша айында ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды. Қоғамдық кеңестерге азаматтық қоғам мүдделерін қорғау әрі республикалық және жергілікті деңгейде шешім қабылдауда қоғам пікірін назарға алу; орталық, жергілікті атқарушы және өзіндік жергілікті басқару органдарымен өзара байланысты кеңейту; орталық, жергілікті атқарушы және өзіндік жергілікті басқару органдар қызметін қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен ашықтықты қамтамасыз ету міндеттері жүктелген.   

26 мамыр, 2017 - 18:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші