X
egov

You are here

Ақмола облысында «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруға арналған республикалық семинар өтуде

«Өрлеу» жобасы

Бүгін, Дүниежүзілік банктің қолдауымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқару органдар өкілдерінің қатысуымен Ақмола облысында «Өрлеу» жобасын қолданысқа енгізуге бойынша екікүндік республикалық семинар басталды. 

«Өрлеу» бағдарламасында көзделген мақсат, қайта оқыту мен нәтижесінде жұмысқа орналастыру арқылы аз қамтылған азаматтар мен олардың отбасына көмек көрсету немесе әлеуметтік шартқа қол қою арқылы дербес бизнес ашуға жәрдемдесу және шартты төлемдермен қолдау жүйесін іске асыру болып отыр.

Семинар барысында өңірлерде «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру, жұмыспен қамту орталықтары арқылы шартты ақшалай көмек берудің жаңа тетігі, жобаны тиімді жүзеге асыру тұрғысында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу тұжырымдамасы және 2018 жылдан бастап жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселелері қаралатын болады.

Қазіргі уақытта, «Өрлеу» жобасы, аз қамтылған еңбекке жарамды азаматтардың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті қатысу талабымен, әлеуметтік шартқа отыру жолымен атаулы әлеуметтік көмекті жетілдіру ұстанымын арқау еткен әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту аясында атқарылуда.

Жоба 2014 жылдан бері Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында, 2015 жылдың шілдесінен 87 ауданда бастау алды. 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда жоба ауқымы екі есеге кеңейіп, 182 аудан мен қалаға жетті. Бұл ел аумағының 91,5% бөлігі. 2017 жылы жоба Қазақстанның барлық облысына таралады.

Елбасы жариялаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру жемісі оң болғанын ескерген райда, 2015 жылдың 29 қазанында, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Өрлеу» жобасының бастапқы сәттерінде қолданылған әдістер негіз болған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңы қабылданды.

Аталған Заңның аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай - АӘК), қазіргі қолданыстағы көпбалалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы және ескі сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек орнына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайызынан төмен отбасыға төленетін болады.

 

29 мамыр, 2017 - 15:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші