X
egov

You are here

Еңбек мині қызметкерлері мемлекеттік рәміздер тарихына қанықты

Салтанатты жиын

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Шараның мақсаты – азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ, оның мән-мағынасын түсіндіру.

Шараға елтаңта авторы Жандарбек Мәлібеков пен қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов қатысып, министрлік қызметкерлеріне ел рәміздерінің тарихы туралы сыр шертті. Сонымен қатар, жиынның қадірлі меймандары, мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін нығайту мәселесі, маңызды тарихи шешімдер мен жеке бастан кешкен оқиғаларын әңгімелеп берді. 

Жиынға төрағалық еткен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов, кезінде мемлекеттік рәміздер бойынша ауқымды байқау жарияланып, іргелі жұмыстардың атқарылғанын атап өтті.

“Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары мемлекеттік рәміздер жөнінде арнайы комиссия құрылып, мыңдаған жұмыстар қаралғаны белгілі. Мәселен, мемлекеттік тудың үздігін анықтауда 1200 өтінім түссе, елтаңбаға қатысты 250 еңбек қабылданып, әнұранды бекітуде 750 жоба сүзгіден өтті.

Мемлекеттік рәміздердің салт-дәстүр мен мәдениетті, сыртқы және ішкі саясатты танытуда айрықша зор орын алатынын ескерсек, бұл іске көзқарастың да өте салмақты болғанын түсінеміз. Оларды қастерлеп, аялап ұстау - әрқайсымыздың асыл борышымыз”, - деді Біржан Нұрымбетов.

Жандарбек Мәлібеков қатысушыларға елтаңбаны жасаудың тарихын әңгімелеп, оның композициялық құрылымының мәнін толыққанды түсіндіріп берді.  

“Тәуелсіздік – Қазақстан халқының ең басты жетістігі. Бүгінде біз егемен елміз. Басты мақсатымыз – бейбітшілік пен келісімді сақтап, туған тіліміз бен дәстүрлерімізді дамыту”, - деді ол ҚР ЕХӘҚМ ұжымына арналған сөзінде.

Мерекелік мәжіліс қорытындысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірнеше жас маманы мемлекеттік қызметкерлер антын қабылдап, өз өмірін елге қызмет етуге арнауға бел байлағандарын аңғартты.

2 маусым, 2017 - 17:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші