X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың 5 айындағы “Өрлеу” бағдарламасының қорытынды нәтижелерін хабарлайды

"Өрлеу" жобасы

2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, “Өрлеу” жобасына 88,1 мың адам қатысып, бұл өткен айдан 26,9 мың адам жоғары көрсеткішті құрап отыр.

“Өрлеу” жобасын, тиімді болғандықтан, барша қазақстандықтар қолдауда.

Мәселен, 2016 жылдың қорытындысында, жұмыспен қамту шараларына тартуда, белсенді жұмыс Алматы – 96,6%, Оңтүстік Қазақстан – 95,2%, Жамбыл – 92,4%, Қызылорда – 91,8% облыстарында және Астана – 91,5% қаласында атқарылды.

Өткен жылы “Өрлеу” жобасына барлығы 40 мыңға таяу адам қатысты. Нәтижесінде еңбекке жарамды жобаға атсалысушылардың 90,5%-ы жұмысқа орналастырылып, жан басына шаққандағы орташа кірістері 2 еседен астамға өсті.

Еске сала кетсек, 2014 жылы, Қазақстанда “Өрлеу” жобасы іске қосылды. Пилоттық жобалар бастапқыда Қазақстанның үш өңірінде - Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбы облыстарында жүзеге аса бастаса, әрі қарай екі жылда тұтас Қазақстанға таралды. Жоба аясында әлеуметтік шартқа отырған азаматтарға ақшалай көмек беру көзделуде. Әлеуметтік шарт шеңберінде әр отбасыға өмірде қалыптасқан қиын жағдайдан шығуға арналған жеке жоспар әзірленеді. Осы арқылы “Өрлеу” жобасы халықты әлеуметтік көмекті ұсынудағы қағидаларды өзгертуге дайындауға арқау болды.

Болжамға сәйкес, 2017 жылы, “Өрлеу” жобасына 150 мыңдай адам қатысады.

12 маусым, 2017 - 12:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші