Бүгін - Балалар еңбегімен дүниежүзілік күрес күні | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Бүгін - Балалар еңбегімен дүниежүзілік күрес күні

балалар еңбегі

Жыл сайын 12 маусым Балалар еңбегімен дүниежүзілік күрес күні атап өтіледі. Осы орайда Қазақстанда құлдық, қауіпті жұмыс және өзге де балалар еңбегін қолданудағы заңға қайшы әрекеттердің алдын алуда сындарлы саясат жүргізіліп келеді.

Ел заңдарында кәмелет жасқа толмаған жеткіншектердің еңбегін пайдалануға шектеу қойылған және балаларды ең бір келеңсіз жұмыс түрлеріне жегуге қатысты қылмыстық әрі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Аталған мәселеге қатысты ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ақмәди Сарбасов өз пікірін білдірді: “Заң баптарының сақталуына бақылау жасауда кәмелет жасқа толмаған жұмысшылардың құқығына ерекше назар аударылады. Көп жағдайда балаларды заңсыз жұмысқа араластыру деректері шағын бизнес нысандарында, оның ішінде қоғамдық тамақтану орындарында жолығады”.

Алматы қаласында, биыл, кәмелет жасқа толмаған жұмысшының құрылыс аумағында өндірістік жарақат алуы тіркелген. Бұл жерде жеткіншектің жұмысқа еңбек шартына отырмай жіберілгені анықталған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, қазақстандық азаматтардың еңбек құқығын қорғау мақсатында, кәмелет жасқа толмағандардың еңбегін пайдалану туралы барлық жайттарды дереу еңбек инспекциясына хабарлауды сұрайды.

12 маусым, 2017 - 16:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші