X
egov

You are here

Қазақстанда еңбек даулары мен еңбекақы бойынша қарыздар азайып келеді

Еңбек кодексі

Астанада өткен Үкімет отырысында жаңа Еңбек кодексін құқықтық тұрғыда қолдану тәжірибесі мен жұмысшыларды қорғауға қажет шаралар жайы талқыланды.

2016 жылдан бері іс жүзінде қолданыла бастаған жаңа Еңбек кодексі жұмысшыларға төменгі еңбек стандарттарын, кепілдіктер мен өтемақылар белгілейді. Еліміз өткен жылдың қорытындысында Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің “еңбек нарығының тиімділігі” бағытында көшбасшы мемлекеттер отыздығына еніп, 20-шы орын алды. 

“Жақын арадағы үш жылда, зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында, қысқартылған жұмыс уақытын, жыл сайынғы қосымша төленетін еңбек демалысын және сүт немесе сүтке тең емдік-алдын алу тамақтарын тағайындау туралы салалық қағидаттар қайта сараптаудан өтеді. Сонымен қатар, Министрлікте әйелдер еңбегін реттеуге ерекше көңіл бөлінеді” - деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Қазақстанда 122 еңбек стандарты бекітіліп, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау талаптарынан тұратын 11 стандарт қайта қарастырылды және бизнеске байланысты тексеру парақтарының талаптары 43-тен 24-ке дейін ықшамдалды. Нәтижесінде тексерілетін нысандар саны 2012 жылғы 18 мыңнан 2016 жылы 10 мыңға дейін азайса, 2017 жылдың 5 айында 5 мың ұйымның тыныс-тіршілігі екшелді.

Биылғы 5 ай ауқымында 10 мыңнан астам жұмысшының 1,5 млрд теңге қарызы өндірілді. Ағымдағы 2017 жылдың маусым айындағы еңбекақы бойынша қарыз 88 млн теңгені көрсетуде.

2016 жылы өндірісте зардап шеккендердің саны 2015 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға азайып (1723 адамнан 1683 адамға), 670 мыңнан астам жұмысшы зиянды еңбек ахуалындағы жұмысы үшін түрлі өтемақыларға ие болды. Бұл мақсатқа жұмыс берушілер жағы 99,7 млрд теңге бөлді. Кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруда, құрамына жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдері кіретін 12 000 өндірістік кеңес жасақталды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіподақтар федерациясымен бірлескен райда, кәсіподақтар қызметін жетілдіру мен еңбек кикілжіңдерін шешу мәселелері бойынша заң жобасы тұжырымдамасын әзірледі. Өз кезегінде, Жоғарғы сот, еңбек дауларын шешуде соттардың заңнаманы қолдануын айқындайтын жаңа нормативтік қаулы дайындады.

13 маусым, 2017 - 12:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші