X
egov

You are here

Үздік әлеуметтік жоба атағына Қазақстан өңірлерінен 120 қатысушы үмітті

конкурс

Үздік әлеуметтік жобаны таңдауға арналған байқау аясында, ағымдағы жылдың маусым айы аяғына дейін, қызметі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, жеке тұлғалар және басқа да тараптар арасында аймақтық іріктеу сындары жүргізілуде.

2017 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша байқауға қатысуға 120-дан астам өтінім қабылданды. Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу өлшемдері ретінде 6 бағыт анықталды. Олардың негізгілері: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға оңалту іс-қимылдарын өткізу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру және өзге де шаралар.

Өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша құрамына әкімдердің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Үйлестіру кеңесінің өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар кіретін комиссиялар құрылды. Өңірлік байқаулардың жеңімпаздары, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін “Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар” республикалық көрмесінде таныстырылатын болады. Осы орайда, тиісті көрме бастау алған 4 жылда, 495 әлеуметтік жоба бақ сынады.

Жалпы еліміз бойынша әлеуметтік жобалар аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған 250 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның барлық ізгі жанды азаматтарын үздік әлеуметтік жоба атағы сарапқа салынатын республикалық байқауға белсенді қатысуға шақырады.

 

21 маусым, 2017 - 13:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші