Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті

есептік кездесу

Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халықпен есеп беру кездесуі өтіп, оның барысында қазақстандықтар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды. Атап өтерлік жайт, өзекті мәселелерге қатысты сауалдар Министрлік сайтында бұған дейін арнайы ашылған айдар арқылы бір ай бойы қабылданған еді.

Өз баяндамасында Тамара Дүйсенова өткен жылы атқарылған жұмыс нәтижесіне мұқият тоқталып, алдағы уақытқа арналған жоспарлармен бөлісті.

«2016 жылы 2 миллионнан астам адамды зейнетақымен қамсыздандыруға 1 трлн теңгеден артық қаржы қарастырылды. Базалық төлемді ескергендегі зейнетақының орташа мөлшері 55 117 теңгені немесе өткен жылдағы орташа жалақы деңгейінің 43,7%-ын құрады (бұл көрсеткіш Халықаралық еңбек ұйымында ұсынылған дәрежеге сәйкес келеді). 2017 жылдың 1 шілдесінен, Мемлекет басшысының нұсқауына сай, зейнетағы тағы орташа алғанда 20%-ға өседі», - деп атап өтті Министр.  

Сонымен қатар, 2016 жылы мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 25%-ға жоғарылады. Бұл 690 мыңға жуық адамға қатысты жаңалық болды.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жалғасын тауып, нәтижесінде:

-          әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі артты;

-          балалар психоневрологиялық интернат-үйлеріне кезек жойылды;

-          қажетті қызметтер оны пайдаланушылардың тұратын жерлеріне жақын орналасты;

-           азаматтардың қызмет көрсететін ұйымдарды таңдай алуына жағдай жасалды.

Қазіргі уақытта, арнаулы әлеуметтік қызметтерді 110 медициналық-әлеуметтік мекемелермен бірге, 106 үкіметтік емес ұйым көрсетіп, 6 мыңнан астам адам қамтылуда. 626 бала интернаттардан отбасыларына оралып, мұндай балалардың 693 анасы жұмысқа тұрғызылды.

Азаматтардың әлеуметтік осал топтарына қосымша көмек көрсету мақсатында, республикалық бюджеттен өңірлерге нысаналы трансферт ретінде 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

2017 жылдың 1 шілдесінен бала туғанға байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 20%-ға ұлғаяды. Осылайша оның көлемі 86 222 теңгені төңіректеп, отбасыда төртінші және одан да көп бала дүние есігін ашқанда, 142 947 теңгеге жетпек. Қолға алынған шаралар елдегі демографиялық ахуалға оң септігін тигізді. Мысалға, 2003 жылы елде 248 мың бала дүниеге келсе, 2016 жылы 400,2 сәби жарық дүние есігін ашты.

Тамара Дүйсенова қазіргі қолданыстағы үш жәрдемақының орнын басып, құжаттар қатарын үш есеге қысқартатын жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмекті енгізу кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа үлгідегі АӘК сомасы қазіргі үш жәрдемақыға қарағанда орташа алғанда 25%-ға өспек. Бұл жерде еңбекке жарамды мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға, Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқанда, мемлекеттен қосымша қолдау танытылмақ: 

-       оқу шығындарын өтеу;

-       әлеуметтік жұмыс орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау;

-       оқу орындарының түлектеріне жастар тәжірибесін төлеп беру;

-       яки шағын несие түріндегі көмек.

Есептік кездесу кезінде еңбек пен көші-қон салаларының түйткілді тұстары да талқыға салынды.

2016 жылы Қазақстанда азаматтық сала қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Жалақы білім беру саласында 29%, денсаулық сақтау саласында 18%, әлеуметтік, мәдени және өзге де салаларда орташа алғанда 35% өсіп, барлығы миллионнан астам адам қамтылды.

Жаңа Еңбек кодексін іске асыру барысында, былтыр, кәсіпорындарда 11 мыңнан астам еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауға арналған өндірістік кеңес пайда болды.

Ұжымдағы еңбек дауларының алдын алу мен шешімін табуға қатысты өңірлік және салалық кеңестердің іргетасы қалануда. Дауларды сотқа дейін шешу жайы кәдеге жарап, 2016 жылы бітімгерлер (медиатор) 778 кикілжіңді тарқата білді.

Министрліктің араласуымен, 2016 жылы 6,8 млрд теңгелік қарыз төленіп, 48 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өндіріс нысандарын еңбек жағдайына қарай аттестаттауға талап күшейді. 2016 жылы 1,5 мыңға жуық отандық кәсіпорын еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөнінде халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізді. Өндірістік жарақаттану да ұдайы азайып келеді.

Ел ішіндегі көші-қон үдерісі жанданып, өңіраралық және аймақтық қоныс аудары жиілігі өсті. Соңғы үш жылда ішкі көші-қонға орташа алғанда 455 мың адам қатысты.

ҚР Үкіметі, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, 2016 жылы елге шетелдік мамандарды шақыруға экономикалық белсенді халықтың 0,7% көлемінде квота белгілеп, бұл 63 мың бірлікті құрады (2017 жылы 54 мың немесе 0,6%).

Шетелдік жұмыс күшін тартқан 3 768 кәсіпорында 470,4 мың қазақстандық азамат істеп, бұл жұмысшылардың жалпы санының 94%-ын еншілеуде.

“100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, заңда АҚШ, Канада, Австралия елдеріндегідей шетелден жоғары білікті мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасау қарастырылған. Мысалға, 2017 жылдың 1 қаңтарынан, шетелдік жұмыс күшін тарту, өзіндік жұмысқа тұру және ішкі корпоративтік ауысу тәртібі өзгерді.

Бүгінде, шетелдік мамандарды тарту мақсатында, алғаш рет салық алымдары енгізілді. 2017 жылдың 5 айында жергілікті атқару органдар тарапы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 10 658 рұқсат құжатын рәсімдеп, жұмыс берушілер 3,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. 

21 маусым, 2017 - 18:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші