X
egov

You are here

Астанада Қазақстан Республикасы мен Тайланд Патшалығы Үкіметтері бірлескен комиссиясының отырысы өтті

комиссия отырысы

21 маусым Астанада Қазақстан Республикасы мен Тайланд Патшалығы Үкіметтерінің екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының үшінші отырысы болып өтті.

Қазақстандық тарапқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов басшылық етсе, тай елінің делегациясын Тайланд Сыртқы істер министрінің орынбасары Вирасакди Футракул бастап келді. Кездесу нәтижесінде, қос тарап, Қазақстан мен Тайланд Патшалығы Үкіметтерінің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша келісімді дайындауға қатысты жұмысты жалғастыруға келісті.

 Мәселен, Вирасакди Футракул, Еуразия экономикалық комиссиясына еркін сауда айналымына байланысты іс-қимылдардың тиімділігін зерделеу тұрғысында ортақ зерттеулерді бастау ниеті жайында хат ұсынғандарын хабардар етті. Сонымен қатар, Тайланд делегациясы, Қытайдың Ляньюньган қаласында орналасқан қазақстандық-қытайлық терминал, аталған бағдарда жұмыс істейтін қазақстандық көлік компаниялары және қажетті кеден ережелері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алғысы келетіндерін жеткізді.

2015 жылы Қазақстаннан 56202 турист қабылдаған Тайланд билігінің өкілдері, отандастарымызды медициналық туризм мен денсаулық сақтау саласына көбірек қызығушылық танытуға шақырды. Еліміз болса, Тайландтың қонақ үй бизнесіндегі оқыту курстарына мамандарды жолдауды құп көріп отыр.

Ал Қазақстан Республикасына жыл сайын 1 мың тай туристі табан тірейді екен. Саяхатшылар санын арттыру мақсатында, Қазақстан тарапы, өзара визалық талаптардан босату мәселесі сөз етілген келісім жобасын Тайланд Үкіметіне жіберген. Тай сарапшылары жақын арада жобаны мұқият қарап, жауабын Қазақстан елшілігіне бағыттайтындарын айтты.

Осымен бірге, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов, тайландтық әріптестеріне еңбек қатынастары және әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық көкжиегіне көңіл бөлуді ұсынды. Бұл ретте, қос тарап, озық жұмыс үлгісі мен нормативтік-құқықтық актілер бойынша тәжірибе және ақпарат алмасуға ниетті екендіктерін білдірді.

Шара қорытындысында, делегация басшылары, адами ресурстарды, туризм әлеуетін, ауылшаруашылық пен қуат көздерін, ғылым, технология мен инновацияны дамытуда, есірткі ағымдарын бақылауда ынтымақтастықты нығайту жайлы шешім қабылдады.  

22 маусым, 2017 - 12:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші