Еңбек министрлігінің басшылығы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек министрлігінің басшылығы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

құттықтау

Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік салада қалам тербеп жүрген журналистермен бейресми жағдайда кездесті.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, тың шабыт, жаңа бағындырар белестер мен мұқалмас жүйрік қалам тілеймін. Туған-туыс, жақындарыңыз аман болып, төл ұжымдарыңыз тәту-тәтті қызмет атқара берсін. Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды орындауға жұмылған Үкімет жұмысын халыққа жеткізудегі еңбектеріңізге алғыс айтамын. Есігіміз сіздер үшін әрдайым ашық, қажетті әрі өзекті ақпаратты дер кезінде ұсынуға дайынбыз. Министрліктің алдағы уақытқа жоспарлап отырған іс-шараларына да белсенді атсалысып, халықты толғандырған түйткілді мәселелерді шешуге өз үлестеріңізді қосады деп сенемін», - деді өз сөзінде министр.

Сонымен қатар, еркін сипатта өткен кездесуге вице-министр Біржан Нұрымбетов те қатысып, жұмыспен қамту, зейнетақы мен жәрдемақы, еңбек қатынастары сияқты өзекті мәселелер жөнінде жиі жолығатын түйткілдерді қарапайым тілмен тарқатып берді.

Камера мен микрофонсыз, құрғақ баяндамасыз өрбіген жүздесу барысында тілші қауым мен Еңбек мині қызметкерлерінің өзара байланысын жақсарту жайы қаралды. Ал бұқаралық ақпарат құралдары мен министрліктің міндеті ортақ, Қазақстан халқының қал-ахуалын көтеру екені белгілі. Мәселен, журналистер күнделікті жұмысында бұқараны толғандыратын жайттарды анықтап отырса, атаулы әлеуметтік көмек пен отандастарымыздың құқығын қорғау сияқты іс-қимылдарда көрініс беретін нақты әрекеттермен Еңбек мині сынды құзырлы мекемелер айналысуда.

Еліміздің жетекші телеарналары, ақпарат агенттіктері мен басылымдарының өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

29 маусым, 2017 - 21:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші