Еңбек мині мамандары Солтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік қызметтер сапасы мен еңбек қатынастары ахуалын тексеруде | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек мині мамандары Солтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік қызметтер сапасы мен еңбек қатынастары ахуалын тексеруде

СҚО аудандар

Солтүстік Қазақстан облысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі күндері аясында, Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұжымымен, үйде күтім жасалатын балалардың ата-аналар қауымымен және “Тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған мүгедек балаларға арналған интернат-үй” мекемесі қызметкерлерімен кездесулер өтті. 

Сонымен қатар, министрлік қызметкерлерінен құралған көшпелі жұмыс тобы, Тайынша ауданында орналасқан жалпы сипаттағы “Үміт” қарттар мен мүгедектер интернат-үйіндегі әлеуметтік қызметтер сапасын тексерді. Жүзден астам тұрғыны бар бұл үйде барынша жайлы жағдай жасалған әрі денсаулықты жақсартуға қатысты әлеуметтік қызметтер кең көлемде көрсетіліп келеді. Тексеруші тарап Тайынша психоневрологиялық мүгедектер интернат-үйінде де болып, 435 адамға жауапты қызметкерлерге, мұқтаж жандардың ой-өрісін дамытуда жеке жоспарларды іске асырудың әдістемесін үйрену мақсатында өзге аймақтармен тәжірибе алмасуды ұсынды. Аталған бағытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен семинарлар легі ұйымдастырылмақ.

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен жүздесу кезінде, күндіз ем қабылдау бөлімшелерін ашу, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және басқа да қазақстандық азаматтарға тиесілі құқықтар мен мүмкіндіктерді түсіндіруді талап ететін өзекті жайттар қозғалды.  

Тайынша ауданындағы іс-қимылдар мәресіне жеткен соң, жұмыс тобының басшылық құрамы Аққайың ауданына сапар шегіп, онда интернат қызметкерлерінен тыс, тұрғындарының өз аузынан арнаулы әлеуметтік қызметтер сапасын білу мұратында “Смирнов жалпы сипаттағы қарттар мен мүгедектер интернат-үйі” мекемесінде болды.

«Жоғарыда аталған аудандардағы жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлерімен жүздесулерде, үй жанынан қызмет көрсету бөлімшелерінің жұмыс тәсілі жіті байыпталып, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудегі жаңашылдықтар жайы жеткізілді. Жартылай стационар жағдайындағы арнаулы қызметтерді көрсету стандарттары қағидаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланып, мамандардың біліктілігін көтеру, әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың техникалық-компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмады», - деп атап өтті ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Айгүл Табергенова.  

Бұл шаралармен қатар, министрліктегі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің жетекшілері жұмысшыларына әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы төлемдерін төмендетіп алған кәсіпорындарға инспекция жүргізді. Нәтижесінде жұмыс берушілер жағы жалақы берешектерін қосқанда, қарыздардың толық жабылғанын хабарлады.     

30 маусым, 2017 - 15:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші