X
egov

You are here

Солтүстік Қазақстан облысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері қорытындыланды

СҚО жиын

Солтүстік Қазақстан облысында, 28 маусым мен 1 шілде аралығы, министр Тамара Дүйсенованың бастамасымен, алғаш рет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтті.

Тамара Дүйсенова тұрғындармен, кәсіпорын ұжымдарымен, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерімен кездесу барысында жергілікті атқару органдар тарапымен бірлесе іске асыруды қажет ететін басты мақсат-міндеттер туралы әңгімелеп берді. 

1 шілде облыс әкімдігінде атқарылған жұмыс көлемі қорытындыланды.

“Басты мақсат - ауылдағы, қалалар мен аудандарды мекен еткен халықпен жұмысты күшейту. Азаматтарға елде қолға алынған реформаларды түсіндіре білу керек. Мәселен, 2018 жылдың 1 қаңтарында басталатын медициналық сақтандыру жүйесіндегі жаңашылдықтарды. Атап өтерлік жайт, бүгін, жыл басынан бері 20 пайызға өскен зейнетақы мен бала туғанға байланысты біржолғы жәрдемақы бойынша алғашқы төлемдерге кірістік”, - деп келтірді облыс активіне министр Тамара Дүйсенова. 

Өз кезегінде, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов, аудандардағы ауыл тұрғындарымен, кәсіпкерлермен және жұмыс берушілермен кездесу аясында, әлеуметтік салада орын алып жатқан көптеген өзгерістерге қатысты жағдайға жан-жақты талдау жасалғанын жеткізді.

Кеңеске аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдерi, мемлекеттiк мекемелердiң, кәсiпкерлiк палатасының басшылары, жұмыс берушiлер, қаржылық институттар, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына қатысушылар қатысты.

3 шілде, 2017 - 13:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші