You are here

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ереже

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2017 жылғы ____ __________

№ ___ бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері

жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы      № 1194 қаулысына сәйкес әзірленді.
  2. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) – өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
  3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

 

  1. Қоғамдық кеңес Заңда көзделген тәртіппен Министрлік өкілдерінің қатарынан конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобынан (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде адамдар өзін-өзі ұсынады.

  1. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
  2. Қоғамдық кеңес құзыреттілігінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы айқындайды.

 

 

 

3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының

мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

 

  1. Жұмыс тобының құрамында Министрліктің өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауға тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі дербес айқындайды.
  2. Жұмыс тобының құрамындағы азаматтық қоғамның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
  3. Жұмыс тобының сандық құрамын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айқындайды.
  4. Министрлік жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады.
  5. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күндік мерзімде Министрлікке жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жазбаша түрде жібереді.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

  1. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның                               10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
  2. Министрлік конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстарды есепке ала отырып, жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апталық мерзімде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.
  3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (бұдан әрі – жұмыс тобының жетекшісі) жұмыс тобының отырысын ашады және жүргізеді.
  4. Отырыста осы Ереженің 9 және 10-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып саналады. Тең дауыс жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.
  5. Жұмыс тобының құрамы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының жетекшісі оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
  6. Жұмыс тобының құрамы Министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

 

 

4. Жұмыс тобының өкілеттіктері

 

  1. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
  1. тұрғындарды Министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
  2. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
  3. Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
  4. Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын әзірлейді.

 

 

5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

 

  1. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
  2. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
  3. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының жетекшісі жүргізеді.
  4. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
  5. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
  6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды республикалық және (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) Министрліктің интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттар тізбесін және  тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.
  7. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
  8. Коммерциялық емес болып табылатын ұйым бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
  9. Құрылған Қоғамдық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығымен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

 

 

 

 

6. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
  2. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.

Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.

Қоғамдық кеңестің төрағасы – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан сайланады.

Қоғамдық кеңес отырысында:

оның мүшелерінің ішінен оның қызметінің бағыттары – әлеуметтік қорғау мәселелері және еңбек мәселелері бойынша комиссиялар анықталады. Комиссиялар Қоғамдық кеңес қатысушыларының 3 немесе одан да көп құрамында құрылады.

Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары қабылданады.

  1. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімі бойынша мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

  1. Қоғамдық кеңес отырыстары ашық болып табылады.
  2. Қоғамдық кеңестің отырысына мақұлданған Жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер шығарылады. Жекелеген мәселелер қажеттілігіне қарай жоспардан тыс тәртіпте қарауға шығарылады.
  3. Қоғамдық кеңестің отырысы тікелей және сырттай тәртіпте өтуі мүмкін. Азаматтардың құқықтарын, бостандығын және міндеттерін қарастыратын нормативтік құқықтық актілерінің жобалары (бұдан әрі – Жоба) тікелей және сырттай тәртіпте қаралады. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері және/немесе мүшесі қарсылық танытқан Жобалары тікелей тәртіпте қарауға енгізілуі мүмкін.
  4. Қоғамдық кеңестің төрағасы:
  1. Министрліктің Қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастырады;
  2. отырыстарда төрағалық етеді;
  3. Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға, сондай-ақ Жобаларды Қоғамдық кеңестің қарау және келісу хаттамаларына қол қояды;
  4. Қоғамдық кеңес шешімдерінің іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
  5. республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
  6. өзі болмаған уақытта төрағаның мәндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді;
  7. Министрлік әзірлеген Жобаларды Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиялары қарап, келіскеннен соң, оларды 3 күндік мерзімде (алған күннен бастап) Қоғамдық кеңес атынан қарау және келісу жөніндегі хаттамаға қол қояды. Жобаның шұғыл тәртібінде – бір күндік мерзімде.
  1. Қоғамдық кеңес хатшысы:
  1. Қоғамдық кеңес отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді;
  2. Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдерін бақылайды;
  3. Қоғамдық кеңес төрағасы қол қойған соң, Қоғамдық кеңестің Жобаларды қарау және келісу хаттамасын тіркейді;
  4. Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпаратты тоқсан сайын және қажеттілігіне қарай жариялауды қамтамасыз етеді.
  1. Қоғамдық кеңестің отырысын ұйымдастыруға, құзыреті бойынша мәліметтерді әзірлеуге Министрліктің Стратегиялық даму департаменті, мүдделі құрылымдық бөлімшелері қатысады.
  2. Отырыс өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, жоспардан тыс шұғыл тәртіпте өткізу кезінде – күн тәртібін ұсынумен бір күндік мерзімде хатшы Қоғамдық кеңес мүшелерін құлақтандырады. Хабарлама және Қоғамдық кеңес отырысына арналған материалдар оның мүшелеріне электронды түрде электрондық поштаға жіберіледі.
  3. Қоғамдық кеңес мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады.
  4. Қоғамдық кеңес мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
  5. Қоғамдық кеңес мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не Заңның 10-бабының                                1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңес шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
  6. Қоғамдық кеңестен шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.
  7. Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша хаттама (қажет болған жағдайда ұсыныстармен) қабылданады, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы қол қояды.
  8. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы (бұдан әрі – Төралқа) сайланады.

Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, комиссиялардың төрағалары, Қоғамдық кеңестің жекелеген мүшелері кіреді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті Төралқаның және Қоғамдық кеңестің жұмысшы органы болып табылады.

  1. Төралқаның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары кіре алады және Қоғамдық кеңестің қызметіне қатыса алады.
  2. Қоғамдық кеңес төралқасы:
  1. Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
  2. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
  3. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді.

 

 

7. Қоғамдық кеңестің өкілеттілігі

 

  1. Министрліктің Қоғамдық кеңесінің өкілеттілігіне мыналар жатады:
    1. Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, Министрліктің стратегиялық жоспарының жобасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;
    2. Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының, Министрліктің стратегиялық жоспарының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;
    3. Министрліктің нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
    4. Министрліктің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
    5. Жобаларды әзірлеуге және талқылауға қатысу;
    6. қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
    7. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
    8. қоғамдық бақылауды Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;
    9. Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;
    10. қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру.
  2. Осы Ереженің 46-тармағының  2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.
  3. Қоғамдық кеңес халықты:
    1. азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл нәтижелері;
    2. Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;
    3. отырыстардың күн тәртібі;
    4. қабылданған шешімдер;
    5. қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.
  4. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады.

 

 

8. Қоғамдық кеңестің Жобаларды қарау тәртібі

 

  1. Құрылымдық бөлімшелер Жобаларды Қоғамдық кеңеспен келісуге, оның ішінде әлеуметтік мәселелері бойынша – әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссияға, еңбек саласы бойынша – еңбек мәселелері жөніндегі комиссияға жібереді.
  2. Құрылымдық бөлімшелер:
    1. Жобаларды және Жоба бойынша анықтаманы алғанын және оқылғанын растаумен Қоғамдық кеңес Төрағасының және тиісті комиссия төрағасы мен мүшелерінің электрондық пошталарына жібереді. Жоба бойынша анықтама Жобаның мазмұны туралы қысқаша нақты мәліметтерді, оны қабылдау негіздемесін, ықтимал салдарын және т.б. қамтуға тиіс;
    2. Қоғамдық кеңес мүшелерінің келісуін алған соң, хаттама (ұсынымдар) жобасын мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімдейді және Қоғамдық кеңестің Хатшысына, кейіннен Қоғамдық кеңес Төрағасына қол қоюға енгізеді;
    3. қол қойылған хаттаманы Қоғамдық кеңестің жұмысшы органы – Стратегиялық даму департаментіне ұсынады. Тіркелген хаттаманың (ұсынымдардың) түпнұсқасы келісу бойынша басқа мәліметтермен бірге Жобаны әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшеде сақталады.
  3.  Жобаларды қарау нәтижесі бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері олардың келіп түскен күнінен бастап 5 күндік мерзім ішінде оларға қорытынды береді. Жоба шұғыл болған жағдайда – бір күндік мерзімде. Сұрақтар туындаған жағдайда құрылымдық бөлімшелер Қоғамдық кеңес мүшелерінің электрондық поштасына жұмыс тәртібінде материалдарды қосымша енгізеді.

Келісуге енгізілген Жобаға Қоғамдық кеңес мүшесінен белгіленген мерзімде жауап алынбаған жағдайда, ескертулер мен ұсыныстарсыз келісілген болып саналады.

  1.  Қоғамдық кеңес мүшелері Жобаларды электрондық хабарламалар арқылы, сондай-ақ оның отырыстарында қарайды. Қоғамдық кеңес мүшелері мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері арасында ақпараттармен, материалдармен алмасу, қорытынды алу, сондай-ақ электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
  2. Қоғамдық кеңестің қол қойылған және тіркелген хаттамасы Қоғамдық кеңестің Жобаны қарау және келісу қорытындысы болып саналады.

 

 

8. Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғаммен өзара

іс-қимылының тәртібі

 

  1. Қоғамдық кеңес «Қоғамдық кеңес» рубрикасына немесе Министрлік кеңсесі арқылы келіп түскен қызметтік этика нормаларын ұстануды қоса алғанда жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың жұмысын ашық ұйымдастыру мәселелері бойынша өтінімдерін қарастырады.
  2. Қоғамдық кеңес хатшысы Қоғамдық Кеңес төрағасы мен Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағаларына келіп түскен өтінімдерді қайта жібереді.
  3. Қоғамдық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерге өтініштің сипатының сәйкес келуі туралы шешімді Қоғамдық кеңестің төрағасы Қоғамдық кеңес комиссиясының төрағаларымен бірлесіп қабылдайды.
  4. Келіп түскен өтініш сипатының Қоғамдық кеңестің құзыретіне сәйкес келуі туралы оң шешім қабылданған жағдайда, өтініш Қоғамдық кеңестің отырысында қаралады, қарау нәтижелері жөніндегі жауап «Қоғамдық кеңес» рубрикасында тоқсанына бір рет, есептік тоқсаннан кейінгі 10 күн ішінде орналастырылады.

 

 

____________________

ТіркемеМөлшер
PDF icon kk_erezhesi_kaz.pdf457.65 KB
Бөлімдер:
12 шілде, 2017 - 10:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші