Тамара Дүйсенова "Нұр Отан" партиясында азаматтарды қабылдады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Тамара Дүйсенова "Нұр Отан" партиясында азаматтарды қабылдады

Нұр Отан

Бүгін "Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек саласы бойынша азаматтардың мәселесіне құлақ түрді.

Жәрдемге жүгінген азаматтардың арасында 1998 жылға дейінгі бірнеше айдың еңбек өтілін қайта есептеп беруді өтінген зейнеткер болды. Жақында зейнеткерлікке шыққан оның іс жүзіндегі зейнетақысына көңілі толмайды екен.

 Бұл тұрғыда, министр, келесі жылдан бастап Елбасының тапсырмасы бойынша жалпы зейнетақыны есептеу әдістемесі өзгеретінін атап өтті. Нәтижесінде 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы көлемі 2017 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге өспек. Сәйкес мақсатқа қазынадан 267 млрд теңге қарастырылатыны көзделуде.

Келесі азаматшаны мүгедектер жәрдемақысының зейнеткерлердегі секілді 20 пайызға емес, 7%-ға ғана өскені алаңдататыны мәлім болды.

Тамара Дүйсенова былтыр 35%-ға көбейген мүгедектер жәрдемақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан тағы 16%-ға жоғарылайтынына назар аударды. Ал көмекке мұқтаж азаматшаның мүмкіндігі шектеулі күйеуіне арнаулы қызмет көрсету жағын министр жауапты департаментке тапсырды.

Өңірлермен тілдесу барысында Қарағанды қаласынан байланыс орнатқан зейнеткерлер қауымы, зейнетақы және жәрдемақымен қатар көтерілген бағаға қатысты әлеуметтік дәріханаларда дәрілерді электрондық тізім бойынша сатып алуды ұйымдастыруды сұрады.

Министр аталған мәселенің Үкіметті жан-жақты талқыланғанын хабарлады.

"Үкімет отырыстарында зейнеткерлеріміздің бағалардың күрт шарықтауы салдарынан мемлекет көмегін сезінбей қалып жататынын айттым. Қазіргі кезде тиісті жұмыстар қолға алынды. Мысалға облыс әкімдіктеріндегі тұрақтандыру қорлары, аса қажетті тауарлардың бағасы ушығатын болса халық сұранысын өтей білуі қажет. Премьер-министр құзырлы министрлікке бағаны реттеуде ұсыныстар енгізуді тапсырып, жыл аяғына дейін түйткілдің шешімін табуы керектігін нұсқады", - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Негізінен қабылдауға келген азаматтар жәрдемақы мен мүгедектік тобын тағайындау, еңбек құқықтарын қорғау сияқты бағыттарда арыз-шағымын жеткізді.

19 шілде, 2017 - 17:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші