X
egov

You are here

Ақмола облысындағы Еңбекмині күндері 16 кәсіпорынның жұмысшылары алдындағы қарызы жабылды

16 кәсіпорын

“Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысындағы күндері барысында, жұмысшыларының алдындағы аударымдарын 90 пайыздан астамға азайтып алған 16 кәсіпорын өз міндеті үдесінен шығып, 13 кәсіпорын зейнетақы және әлеуметтік төлемдері бойынша берешегін осы шілде айының аяғына дейін жабатынына кепілдік берді”, - деп хабарлады өңірде іссапарда жүрген ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов.

Сонымен қатар, жұмысшыларына қарыздар кәсіпорынның бірі 14,5 млн теңге сомасындағы жалақы берешегін өтеді.

Үш күн аясында барлық ауданда жұмыс берушілермен, аумақтық жұмыспен қамту мекемелері қызметкерлерімен кездесулер өтіп, ел заңнамасы қыр-сырын және мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайын жеткізу мақсатында тұрмысы төмен отбасылар мен зейнеталды жастағы әйелдерді қамтыған үй-үйді аралау жүргізілді.

20 шілде, 2017 - 18:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші