Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді

ОҚО

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың бастамасымен ел өңірлерінде Еңбекмині күндері өтуде.

26 шілде мен 2 тамыз аралығы Министрліктің басшылық құрамы Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істейтін болады.

Ведомство басшысының айтуынша, көшпелі жиындардың негізгі мақсаты жергілікті халықпен тікелей байланыс орнатып, шалғай аудан-ауылдардағы жағдаймен танысу.

“Көбінесе отандастарымызға мемлекет жүргізіп жатқан реформаларға қатысудың маңыздылығы жайлы ақпараттың аз жететіні, азаматтардың өз құқықтары туралы біле қоймайтыны жасырын емес. Өз кезегінде, Министрліктегі құрылымдық бөлімше жетекшілеріне де әлеуметтік қызметті алушылар үшін қандай мәселелер өзекті екеніне қанығу пайдалы болары анық. Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге байланысты әдіс-тәсілдердің өзгеріске түсіп, үш кезеңге көзделген зейнетақы жүйесіне ауысу үдерісі аяқталып қалғаны белгілі. Сонымен қатар, жаңа Еңбек кодексінің іске қосылғанына да бір жыл толуға жақындап, әлеуметтік қызметтер жүйесін дамытудың тың тұжырымдамасын әзірлеудеміз. Осының бәрі әр азаматтың өміріне ықпал ететіні аян”, - дейді Тамара Дүйсенова. 

Мәселен, сарапшылардың пікірінше, қазіргі әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасы нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыру мен масылдықтың алдын алу бағыттарын арқау етуде, яғни өнімді еңбек ету мен әлеуметтік қолдау біртұтас күйге енген. Бұл тұрғыда мемлекет азаматтың өзіндік әлеуетін кеңінен іске асыруға көптеген мүмкіндіктер ұсынуда. Үкіметтік бағдарламаларда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту қарастырылып, кедейшілік шегінен шығуға ұмтылғандарға шағын кәсіп ашуға жәрдем жасалуда. Мұндай бастапқы қолдау шаралары өзінің тағдырына және балаларының болашағына жауапты көзқарас танытатындарға көрсетілмек.

Жұмыс тобы алғашқы күні Қазығұрт ауданына табан тіреп, онда әлеуметтік көмекті жаңғырту, “Өрлеу” жобасына қатысу, зейнетақы жүйесінің реформасы, жұмыс берушілердің жұмысшылардың құқығын сақтауы сынды мәселелер бойынша тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылмақ.

25 шілде, 2017 - 16:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші